ДИКТОР: Өңірде өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылықтар көбейген. Әсіресе аса ауыр қылмыс саны өсіп, 78 проценттен асқан. Әкімшілік құқық бұзушылық, жол-көлік оқиғалары және азаматтардың құқық қорғау органдарына өтініштері туралы толығырақ келесі материалда.
РКС: Статистикалық мәліметтерге сәйкес, адам өлтіру, бұзақылық, алаяқтық, есірткі қылмыстары, адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмыстары өскен. Тонау, ұрлық және мал ұрлығы бұрыңғы деңгейде қалды. Құқық қорғау органдары қылмысты көбіне бұрын сотты болған 30 бен 39 жас аралығындағы жұмыссыз ер адамдар жасайтынын атап өтті.
СНХ: ВИКТОР КРАСНОУСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Қазір 10 мың тұрғынға 72 қылмыс тіркеледі. Тіркелген қылмыстардың 100 процентінің 36,2 проценті Көкшетауда, 10,3 проценті Степногорск қаласында орын алған. Қалған 53 проценті облысымыздың аудандарында тіркелген. Ең төменгі көрсеткіш Қорғалжын ауданында, 18 қылмыс болған.
РКС: Әкімшілік тәжірибе субъектілері өңірде 392 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Облыста адам өліміне немесе жарақат алуына әкеп соқтырған 622 жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі елді мекендерде орын алады.
СНХ: ӘСЕЛ АЙМҰРЗИНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Ең көп жазатайым оқиғалар Көкшетауда – 151, Целиноград, Бурабай және Атбасар облыстарында тіркелді. Жол-көлік оқиғаларының салдарынан 933 адам зардап шекті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30 процентке артық. Өткен жылы 864 адам зардап шеккен болатын. Оның ішінде 201-і кәмелетке толмағандар, одан басқа 69 адам көз жұмды.
РКС: Статистика бойынша жол апаттары аптаның бейсенбі, жұма және сенбі күндері көп тіркеледі екен. Жол- көлік оқиғаларының суреті мен бейнелерін «Qamqor.gov.kz» сайтында орналасқан «Апат картасынан» көруге болады.
РКС: Биылғы жылы «e-Otinish» жүйесі арқылы электронды форматта азаматтардан 65 мыңнан аса өтініш түскен. Жүйеге 10 мыңнан аса ұйым, мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың 154 мың қызметкері қосылған. Ең көп хаттар жер және жер пайдалану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрмыстық, қоғамдық және жол қауіпсіздігі, білім беру мәселелері бойынша түседі.
СНХ: ЛӘЗЗАТ ҚҰДАБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Осындай цифрлық профильді құру арқылы өтініштерді қарау тәртібіне бақылау күшейтілді, өйткені ол прокуратураға және жоғары тұрған органдарға, тіпті өтініш ауыл әкіміне түскен жағдайда да, соған қатысты барлық үдерістерді бақылауға мүмкіндік береді. E-Otinish жүйесі өтініш берушілерге олардың құжатын қарау барысын бақылауға және берілген жауаптың сапасын бағалауға мүмкіндік береді.
РЗК: Құқық қорғау органдары азаматтардың қарапайым қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударуы керектігін еске салады. Соңғы кездері интернет-алаяқтық жылдам қарқын алуда. Ол қылмыстың 31,6 процентін құрауда.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ