ДИКТОР: Ерейментау ауданындағы жарты ғасырдан астам тарихы бар мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Енді мұнда музыкалық білім беру орталығы болады. Бұл мақсатқа 340 млн.теңгеге жуық қаражат бөлінді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ерейментау ауданындағы музыка мектебінің ашылғанына 50 жылдан асты. Балалар осы уақытқа дейін ескі ғимаратқа барып, музыка үйірмесіне қатысуға мәжбүр еді.
СНХ: НҰРЛАН МҰҚАТОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 1 жылдың жұмысы емес. Сондықтан, қазіргі уақытта іші жарық, нұрға толған ғимараттың ішінде музыка сабағынан білім алатына балалар риза.
РКС: Ал, жаңа ғимаратта балғындардың бойындағы дарынды дамытуға барлық жағдай жасалған. Енді мұнда талантты оқушылар музыка сабағының қыр-сырын үйрене алады.
СНХ: АСҚАР ӨСІПОВ, БАЛАЛАР МУЗЫКА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Болашақта осы ғимаратта мықты музыканттар, жақсы компазиторлар, мықты мәдениет қайраткерлері шығады деп сенімдіміз.
РКС: Іс-шараға балаларын жетектеп ата-аналар да келді. Олардың қуаныштарында шек жоқ.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ