ДИКТОР: Облыс аумағында қызметкерлердің еңбек құқықтары бұзылуының алдын алу және оны болдырмау, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек жағдайын жақсарту, жалақыны төлеу мәселелері өзекті. «Әділдік және өркендеу» республикалық қоғамдық қорының Ақмола облысының өкілдігі, аймақтық кәсіподақтар бірлестігі және еңбек инспекциясы жұмысшылардың мүддесін қорғауға бағытталған үш жақты меморандумға қол қойды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Тараптар арасындағы меморандумның мақсаты – қоғамда еңбек адамының мәртебесін көтеру, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

СНХ:БАҚЫТ СМАҒҰЛ, «ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ӨРКЕНДЕУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ОБЛЫС БОЙЫНША ӨКІЛІ: Біздің елімізде, әсіресе еңбек адамының құқығын қорғау мәселесі аса өзекті. Өзімізбен мүдделес ұйымдармен, оның ішінде кәсіподақтар бізге өте жақын, біздің мәселеміз ортақ. Еңбек инспекциясы да еңбек адамының құқығын қорғайды. Алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасаймыз деп ойлаймын.

РКС: Меморандум шеңберінде ақпарат алмасу, еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында бірлескен іс-шаралар өткізу, сондай-ақ құқықтық және консультациялық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүзеге асады.

СНХ:АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Сонымен бірге еңбекті қорғаудың қауіпсіздігі. Яғни, осы бағыттағы біздің бірлескен қызметіміз қызметкер мен жұмыс берушінің өзара қарым-қатынасы және қызметкерлердің құқықтары бұзылуының фактілерін анықтау. Жалпы бұл меморандумның маңызы зор.

РКС: Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында 158 кәсіпорын мен ұйымға тексеру жүргізу барысында 187 заңсыздық анықталған. Өңірде өндірістік жазатайым 38 оқиға тіркеліп, салдарынан 40 адам зардап шеккен.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ