ДИКТОР: Студенттер мен жұмысшы жастар арасындағы «Ақмола облысының жастар кубогы-2024» атты жайдарлы жайдарман ойыны өтті. Оған облыстық командалардан бөлек Алматы, Астана және Қарағанды қалаларынан келген командалар қатысты.
РКС: Жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту және қолдау, олардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуына мүмкіндік беру, шығармашылық деңгейін арттыруға бағытталған ойынның республика күнін қарсаңында ұйымдастырылуы тегіннен-тегін емес. Әр өңірден келген 8 құрама әдемі әзілдерімен көрерменді бірден баурап алды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл облыстық жастар кубогы болғанымен, басқа да командалар қатысады, басқа қалалардан. 4 команда біздің облысымыздан қатысып жатыр, 4 команда. Алматы, сборная Алматы дейді, Астана қаласынан, Қарағанды қаласынан да келіп жатыр.
РКС: 8 команданың ішінде өзгеше стильде ойнап, қоғамдағы мәселелерді өткір әзілмен бейнелеп берген командалар да болды. Жанкүйерлер де өз командаларын демеп отырды. Жарыс бір ғана кезеңмен шектелгендіктен, қазылар алқасы жайдарман ойынының жанын кіргізген әр команданың ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Олар жақсы ойын көрсетуге тырысқанымен, көрерменінің көзайымына айналған, әзілдері өткір болып шыққан Астана қаласынан келген «Тұмар» командасы көзге түсті. Ал сахнада өзін ұстауы, сөз тапқырлығымен ерекшеленген Жасұлан Ордабаев болды. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселе, соның ішінде жол мәселесін қозғап, жақсы ойын өрнегін көрсете білген Қарағанды құрамасының да ұтқырлығы ерекше болды. Алматы құрамасы да көрермендердің ыстық ілтипатына бөленді.
СНХ: ХУАН АМАНЖОЛ, АЛМАТЫ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Біз енді осы арнайы сіздерге жастардың ойыны жайдарман ойындарына алғаш рет келіп тұрған жоқпыз негізі. Жыл сайын келуге тырысамыз. Алдыңғы жылы Көкшетау қаласына қалалық лигасының «Шабыт» құрамасында Астанадан келіп, чемпион болғанбыз. Көрерменді сағынып, тағы да осы «Жастар кубогы» болады деген соң естіп келдік.
РКС: Ойын қорытындысы бойынша "Каис" құрамасының ойыншысы Ордабаев Жасұлан "Үздік ойыншы" номинациясының иегері атанды. "Ең үздік әзіл" номинациясын еншілеген қарағандылық "Орталық" құрамасы 50 мың теңгелік сертификаттармен марапатталды. Алматылық "Алматы" құрамасы 3 орынды жеңіп алып, 100 мың теңгенің сертификатын иеленді. Астаналық " Сейфуллин " құрамасы 2 орынды иеленіп, 200 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Ал Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Тұмар" құрамасы бірінші орын иегері атанып, 300 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ