ДИКТОР: Өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, адами қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімдердің еңбегі орасан. Тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балғындарға "Білім" ұғымын түсіндіріп, сауаттылығын ашатын ұстаздардың қатарында мамандығына адал мұғалімдер көп. Ел Тәуелсіздік алған алғашқы қиын қыстау кезеңде жаңа жұмысқа тұрған жас мамандар еш қиындыққа қарамастан, кәсібіне адал болды. Солардың бірі Қамар Құрманова.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Оқушылармен жарыса бізде 2-ші мектеп-лицейіне келіп қалдық. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз жәй адам емес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап еңбек етіп келе жатқан - Қамар Құрманова.

ИНТЕРШУМ:

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Қоңырау соғылып, сабақ басталды. Біз дәл қазір Қамар апайдың оқу барысымен танысып, оқушылардың ойын білетін боламыз.

СНХ: АРУАНА ТӘТКЕНОВА, №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Қамар апай бізге қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен сабақ береді. Сабақ өте жақсы өтеді. Барлығы түсінікті. Қамар апай өте мейірімді және жақсы адам. Бізге әрқашан көмектеседі. Біз оны өте қатты жақсы көреміз.

РКС: Қамар Құрманова 1966 жылы Зеренді ауданына қарасты Қарашілік ауылында дүниеге келді. Мектепті тәмамдаған соң, бірден Көкшетау педагогикалық институтына оқуға түсті. Оны 1983 жылы аяқтап, бірден ұстаздық еңбек жолын бастап кетті.

СНХ: ҚАМАР ҚҰРМАНОВА, №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Бірден облыстық мектеп интернаты болды сол кезде. Қазіргі күні Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаты. Солжерде 29 жыл мұғалім болып жұмыс жасадым. Одан кейін 2017 жылы Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-лицейіне ауысқан болатынмын.

РКС: Қызығы мен шыжығы мол осы бір мамандықты таңдауына алғашқы ұстазы себепкер болған.

СНХ: ҚАМАР ҚҰРМАНОВА, №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Керемет,керемет апайларымыз сабақ беріп еді сол кезде. Сабақтары өте керемет өтетін еді сол кезде. Мұғалім деген енді әрі қызықты, қызығы мен қиындығы мол қызмет қой. Балалармен жұмыс істеген қатты ұнайды. Балаларға мейірімді бола білсек. Олардың жан дүниесі түсіне білсек, екінші анасындай болуымыз керек деп ойлаймын.

РКС: Қамар Құрманованың білім беру саласының дамуына көңілі толады. Өйткені, 1990-1991 жылдары оқушыларға сабақ беру оңай болған жоқ. Қазіргідей көмекші құралдар ол кезде қат болатын.

СНХ: ҚАМАР ҚҰРМАНОВА, №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Енді сол кездегі қиындықтар болды ғой 1990 жылда. Өье бір қиын кез болды. Түні бойы отырып көрнекіліктерді, дидактикалық материалдарды бәрін өз қолымызбен жасайтынбыз. Ал, қазіргі кезде бәрі техникаландырылған. Бұрынғы мұғалімге қиындау болды. Қазіргі кезде мұғалімдерге көп жағдай жасалып жатыр. Жан-жақты жағдай жасалып жатыр. Ақпараттық технологиялар, интерактивті тақта. Не керек? Барлық жағдай жасалған.

РКС: Бір кездегі ата-бабалардың, одан келе "Алаш" партиясының мүшелерінің азаттық жолындағы аңсауын алға тарта ұмтылған жастарымыздың 1986 жылғы жойқын қимыл-қозғалысы бастау болып, еркіндік пен егемендікке 1991 жылы жеттік. Сол кезден бастап білім саласына ерекше көңіл бөлініп, бірқатар жобалар қолға алына басталды.

СНХ: ҚАМАР ҚҰРМАНОВА, №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Республиканы күні бұл ерекше мереке. Сондықтан да, Республика күнімен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын! Әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілек айтқым келеді.

РКС: Қамар Құрманова мұғалім мәртебесін, оның оқушы алдындағы жуапкершілігін бәрінен жоғары қояды. 45 минут - Қамар апай үшін алтын уақыт. Осы кезеңде балаларға қазақ тілі мен әдебиет пәнінің қыр-сырын жанын салып түсіндіреді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ