ДИКТОР: Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 655 миллиард теңгеге дейін өсті. Өсім өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді едәуір ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Биыл 4,7 миллион гектар алқаптан 6,6 миллион тонна көлемінде соңғы 13 жылдағы рекордтық астық өнімі жиналды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өздерінің шарттық міндеттемелерін орындау, оларға жеңілдікпен кредит беру бойынша берілген кредиттерді өтеу қалды.

РКС: Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін аграршыларды қолдаудың жақсы құралы «Кең Дала» және «Кең Дала 2» жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары болды. Оның шеңберінде 60 миллиард теңгеге 600 аграршы қаржыландырылды. «Кең Дала 2» - нің басты артықшылықтарының бірі мөлшерлемені төмендету үшін субсидияларды ресімдеу қажеттілігінсіз жылдық 5 процентпен несиелеу болды. Сондай-ақ, «Даму» қоры арқылы қарыздарды 85 процентке дейін сақтандыру, фермерлер қарызды соманың тек 15 проценты мөлшерінде кепілмен қамтамасыз етуі қажет. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қаржы институттары алдындағы шарттық міндеттемелерін орындауы өзекті мәселе.

СНХ: КЕНЕШ ӘЛІМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мерзімінде несие қаражатын қайтаратын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бірінші кезекте келесі жылға, яғни көктемгі, күзгі дала жұмыстарына қаржы қаражатын алады. Қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері астықты элеваторларға әкеліп, қанша көлемде қарызы бар, соны жабады. Бірақ жеделдету керек, өйткені қайтару мерзімі әр түрлі. Алғашқы мерзім 1 қарашаға дейін. Бір апта ғана қалды, сондықтан жергілікті жерлерде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жылдамдатуы керек.

РКС: Бұланды, Зеренді және Сандықтау аудандарының шаруашылықтары орташа облыстық өнімділіктен жоғары өнім алды. Сондай-ақ, диқандарға егін жинау жұмыстарына 80 мың тоннадан астам арзандатылған дизель отыны бөлінгенін атап өткен жөн.

СНХ: КЕНЕШ ӘЛІМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Биыл Ақмола облысында майлы дақылдар бойынша шамамен 70 мың гектар алқап ұлғайтылды, осылайша 268 мың гектарға жетті. Бірақ бұл біздің облыс үшін шекті көрсеткіш емес. Келесі жылы майлы дақылдарды өсіру бойынша шамамен 400-450 мың гектар жерді жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жағдай жасау қажет болады. «Кең Дала», «Кең Дала 2» бойынша 5 процентке жұмсалатын ақша, мұнда 85 процент «Даму» қорына кепілдік береді, бірінші кезекте алаңдардың құрылымын әртараптандыратын шаруашылықтар алады.

РКС: Астық саласында жалпы түсімнің 60 проценттен астамы 3-класқа сәйкес келеді, бұл республика бойынша жақсы нәтиже. Оған минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемін және элиталық тұқымдармен дақылдардың үлесін екі есе арттыру арқылы қол жеткізілді. Аймақ бойынша келесі жылы тұқымға деген қажеттілік толығымен жабылды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ