ДИКТОР: Мереке күндері Астанада Ақмола облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Өнімдер нарықтағы бағадан 10-20 процентке төмен болды. Жалпы, елорда халқына жеткізілген өнімнің жалпы көлемі 300 тоннадан астам.
РКС: Жәрмеңкеге 100-ден аса ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Солардың бірі Бурабай ауданынан келген "Жас" шаруа қожалығы. Олар жәрмеңкеге жылқы және қой етін, сондай-ақ қымыз алып келді.
СНХ: ЗӘУРЕ ҒАЗИАҚПАРОВА, «ЖАС» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біз 2000 жылдан бастап осы шаруашылықпен айналысамыз. Біз жылқы ұстаймыз, қой ұстаймыз. Қымыз өндіреміз. Жылқының етін табақтап сатамыз. Бүгінгі баға мысалғы жылқының бағасы 2500 теңге болатын болса. Нарықтағы баға 3 мың, 3 мыңнан асады. Қой бүгін 2200 теңге болып тұр. Нарықта 2500 теңге.
РКС: Таңғы сағат сегізден бастап келушілердің қарасы қалың. Қолайсыз ауа райына қарамастан көңіл-күйлері көтеріңкі. Тұрғындар тарапынан құс еті мен жұмыртқаға, сүт өнімдеріне сұраныс жоғары болды.
БЛИЦ-ОПРОС:
- Күшті өтіп жатыр. Бағалары төмен. Еттің бағасы почти 800 теңгеге төмен. Нормально, қолжетімді.
- Бағалары жақсы, нормально. Дүкеннен, базардан арзандау.Ярмарка осылай ұйымдастырылып тұрса, дұрыс болар еді.
- Төмен, жақсы. Мен өзім "Аспан" базарында ет сатамын. мына жерде арзан.
РКС: Ақмола облысы Елордаға жақын. Сондықтан, өңір тұрғындарын ғана емес, Астана халқын да азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етіп отыр.
СНХ: КЕНЕШ ӘЛІМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ақмола облысы - Астана қаласының азық-түлік белдеуі. Осы тұрғыда біз Астана қаласымен тұрақты түрде жұмыс істейміз. Сондықтан, елордалықтар біздің өнімге жоғары баға қояды деген үміттемін. Айта кетейін, Ақмола облысы биыл рекордтық өнім жинады. Биыл біз 6,6 миллион тонна астық жинадық. Бұл өте жақсы нәтиже. Ас атасы - нан,-дейді дана халық. Сондықтан, әр дастарханда Ақмола облысының наны болса екен деймін.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Міне көріп тұрғандарыңыздай, жәрмеңкеде қарт адамдардың саны басым. Сондықтан, өңірдің 45 волонтері келіп, көмек көрсетуде.
СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Облысымыздың волентерлары Астана қаласындағы ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесінде өз көмегін көрсетуде. Астана қаласына келіп, үлкен қарт адамдарға көмектесетін боламыз. Барлығымыз білеміз жәрмеңке нарықтық бағадан арзандырақ. Көбінесе үлкен адамдар келеді. Осыған байланысты біздің волонтерлар таксиға дейін, немесе автобусқа дейін апаратын болады сөмкелерді.
РКС: Айта кетейік, Ұлытау және Қостанай облыстарының шаруа қожалықтары да өз өнімдерін елордалықтарға ұсынды. Қала тұрғындары жәрмеңкеде ақмолалық өнерпаздардың өнерін тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ