ДИКТОР: Қазақстан Республикасы күніне орай мектеп оқушылары арасында «Қазақстан – Республикам менің» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Байқау оқушыларды ел тарихына баулып, бойында патриоттық сананы қалыптастыруға бағытталған.

РКС: Ұлы ақын-жазушыларымыздың мұрасын насихаттау мен өскелең ұрпақтың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен шараға Көкшетау қаласының 12 мектебінен 14 үміткер қатысты. Байқауда қазылар алқасы мәнерлеп оқу шеберлігі, тіл тазалығы, сондай-ақ сахна мәдениеті мен киім әдебіне қарай шешім қабылдады.

СНХ:ҚАРАТАЙ ТӨЛЕКЕЕВ, БАЙҚАУДЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Жалпы өлеңдерге шолу жасағанда өздерінің Отан сүйгіштік, патриоттық сезімдері байқалады. Осындай шаралар көп бола берсе екен деп ойлаймын. Байқаудағы біздің көңіл болып отырғанымыз жас ерекшелігіне қарай балалардың сөз саптауы, сөз иірімдеріне қараймыз. Екіншіден оның мәнерлеп оқуына қараймыз. Және де балалардың өзінің Отанына деген, туған жеріне деген сүйіспеншілігіне көп көңіл бөлеміз.

РКС: Нұрай Хәлел Красный Яр ауылындағы №2-ші орта мектебінің 9-шы сынып оқушысы. Бұл сайыста қазақтың көрнекті ақыны Несіпбек Айтұлының «Отан» атты шығармасын орындады.

СНХ:НҰРАЙ ХӘЛЕЛ, БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Өнерлі Бірінші сайыстарға қатысып, бірінші жүлделі орындардың иегерімін. Мәнерлер оқу сайыстарында жүлдегер болып келемін. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына 3 жыл бойы қатысқанмын. «Ақ берен» деген республикалық сайыстарға қатысып, жүргенмін. Осыған қоса, бимен, театрлық қойылымдарда қатысамын және домбырада ойнаймын. Бұл сайыстан жақсы сабақ күтемін

РКС: Сайыс қорытындысы бойынша І-ші жүлделі орынды Красный Яр ауылындағы №2 орта мектебінің оқушысы Нұрай Хәлел, ІІ-ші орынды №13 “ЭКОС” мектеп-гимназиясының оқушысы Елдана Мұрат, ІІІ-ші орынды №17 мектеп-гимназиясының оқушысы Инайа Молдабаева иеленді. Ал №9 орта мектебінің оқушысы Мәдина Мүбарак бас жүлдегер атанды. Жеңімпаздар Мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ