ДИКТОР: Республика күні қарсаңында қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне салтанатты шара ұйымдастырылды. Елдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін үздік қызметкерлер Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
РКС: Республика күні — тәуелсіздіктің асқақ символы. Бұл мереке бірлік пен ынтымақ арқылы халқымыздың кез келген қиындықты еңсергенін еске салады. Шара басында қылмыстық-атқару жүйесі саласы қызметкерлерінің заңдылық пен қауіпсіздікті сақтаудағы жұмысының маңыздылығы айтылды.
СНХ: ИГІЛІК ХАСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Республика күні біз үшін маңызды мереке, ерекше оқиғалардың бірі болып саналады. Құрметті әріптестер біз бірлескен ұйымшыл, ұжым болып алдағы жаңа мақсат пен табыстарға жетеміз. Сіздерге игілік пен бақ береке тілеймін. Біздің қылмыстық-атқару жүйесі дами берсін.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін атқаруға адал көзқарасы, кәсібилігі және қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 40-тан астам қызметкері марапатталды. Солардың бірі-қылмыстық атқару жүйесі департаменті №4 мекеме бастығының міндетін атқарушы Қанат Тұлақов. Бұл салада жұмыс істеп жатқанына биыл 11 жыл.
СНХ: ҚАНАТ ТҰЛАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ №4 МЕКЕМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Осы күнгі мереке күнімен әріптестерімді, осы мерейтоймен құттықтаймын. Келешекте зор денсаулық, қызметтерін адал атқарып, келер алды зейнеттеріне аман есен шығуына тілектеспін және де ҚР барлық азаматтарын Қазақстан Республика күнімен құттықтаймын. Отанымыз тыныш, аман болсын.
РКС: Шара соңы республика күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концертпен жалғасын тапты.
ИНТЕРШУМ:
САБИНА ЖАМШИТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ