ДИКТОР: Еліміз Тәуелсіздік алған 1991 жылы Көкшетау қаласында екі бірдей ескерткіш қойылды. Ақын, композитор, классикалық ән орындаушылары Біржан сал мен Ақан серіге арналған ескерткіш Абылай ханның туғанына 280 жыл толуына орайластырылды. "Көкшетау" мәдениет сарайының алдына қойылған тарихи жәдігерлер бүгінде қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына арналған.
РКС: Халық әншілері Біржан сал мен Ақан серінің ескерткішін жасаған, яғни композицияның авторлары - мүсінші Төлеген Досмағамбетов пен сәулетші Арыстан Қайнарбаев. Ақын, композитор, қазақ халқының мақтанышы болған, қазақтың классикалық ән орындаушылық мектебін қалыптастырған күшті дауыс иелеріне ескерткіштің Көкшетау төріне қойылуы да бекер емес. Көкшені әсем әнге қосып, туған өлкесін сүйіп, жырлап өткен өнер иелеріне халқының құрметі.
СНХ: ГҮЛІМ РАХЫМЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ: Ескерткіштің биіктігі 5 жарым метр болады. Мүсіннің өзі қоладан құйылған. Тұғыры граниттан жасалған. Ескерткіш "Көкшетау" мәдениет сарайының маңында орналасқандықтан көзге көп түседі. Жалпы ескерткіштің орындалуы халыққа өте ұнайды.
РКС: Қос мүсіндік композицияда да ақындардың қолында домбырамен отырғаны бейнеленген.
СНХ: ГАУХАР ЕСІЛБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Бұл ескерткіштердің авторлары Төлеген Досмағамбетов пен Арыстан Қайнарбаев. Ол кісілер бұл мүсіндерді жасаған, ол кісілердің өмірінен үзінді , ескерткіштерді сомдау барысында да көп еңбектенген. Көкшемізге көрік беретін ескерткіштер болып саналады.
РКС: Біржан салдың бүгінде ел арасында 60-тан аса туындысы белгілі. Ақан серінің да көп қырлы таланты көпшілікке танылды. Айтысқа қатысып, өзінің тәлімгері Біржан салмен де кездескен.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ