ДИКТОР: Келер жылдың соңында Көкшетаудағы Сарыарқа шағын ауданында көпсалалы спорт орталығы бой көтереді. Кешен 1000 адамға шақталған. Республика күні қарсаңында облыс орталығында құрылыс алаңында алғашқы капсула салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға аймақ басшысы Марат Ахметжанов қатысты.

РКС: Заманауи спорт кешені 2 қабатты. Ғимараттың аумағы 11,5 мың шаршы метрден асады. Мұнда түрлі функционалды бөлмелер, телескопиялық стендтері бар мәдени-ойын-сауық, әмбебап спорт және үстел теннисі, күрес, ринг залдары болады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халық үшін спорт ғимараттарды салу мәселесін, олардың қолжетімді болсын деп. Қазіргі заман талабына, халықаралық стандарттарға сай келсін деп. Өйткені «Саламатты Қазақстан» деген ең бастысы – денсаулық, спортпен шұғылданатын жастарға жағдай жасау мәселесін басқа алып отыр. Осы Көкшетауда, әлі Қазақстанда осындай нысан жоқ.

РКС: Жаңа спорт кешеніне өңір спортшылары да зор үміт артып отыр. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Карина Ибрагимова заманауи кешен келер ұрпақты алдағы уақытта спортта жетістіктерге ынталандыратынына сенеді.

СНХ: КАРИНА ИБРАГИМОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ: Қаншама уақыттан кейін қаламызда осындай тамаша спорт кешені бой көтереді. Заман талабына сай спорт кешенінде жаттығу жасау біздің көптен күткен арманымыз. Сарыарқа жаңа құрылған аудан. Мұнда балалар мен жас отбасылар көп. Құрылыс аяқталғаннан кейін балалар бұл спорт кешеніне қуана-қуана келеді деп ойлаймын.

РКС: Республика күні қарсаңында өңірде бірқатар әлеуметтік нысан ашылды. Соның бірі - Красный Яр ауылындағы "Нұрлы көш" шағын ауданында қолданысқа берілген 280 орындық балабақша. 3 қабатты білім беру нысанының аумағы 3 мың шаршы метрден астам. Балабақшада бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бұдан соң аймақ басшысы орталық саябақ пен Красный Яр ауылының іргелес аумағын абаттандыру жұмыстарымен танысты. 200 миллион теңгеге тиісті жұмыстар атқарылды. Жобада салтанатты шараларға арналған сахна, субұрқақ, көше жарығын орнату және жасыл желек отырғызу бар. Сондай-ақ, облыс әкімі "Ақсай нан-Көкшетау" серіктестігіннің тыныс-тіршілігімен танысты. Кәсіпорында бір бөлке нанның бағасы 120 теңге. Дайын өнім тек өңір бойынша ғана емес, сондай-ақ аптасына екі рет Елордаға да жеткізіледі. Онда қара бидай наны мен кондитерлік өнімдер жоғары сұранысқа ие.

РКС: Сонымен қатар, Республика күні қарсаңында Красный Яр ауылындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығында күрделі жөндеу аяқталды. Денсаулық сақтау мекемесінде 15 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетіледі. Тіпті, жақын маңдағы ауылдардан халық қатынап, ем алуда. Сол себепті, жабдықтарды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінді.

СНХ: СЕРІК САХИЕВ, КРАСНЫЙ ЯР АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ОРТЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Биыл жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Жылжымалы ультрадыбыстық құрылғы алдық. Енді науқастың тұрғылықты мекен-жайы бойынша барып қызмет көрсетуе болады. Ол автоматты түрде басқарылады. Жалпы хирургия және гинекологиялық процедуралар үшін қолайлы.

РКС: Жаңартылған құрылғылар медициналық қызметтердің сапасын арттыруға үлкен сеп болмақ. Палаталар мен операциялық бөлмелер күрделі жөндеуден өтті. Өңір басшысы Марат Ахметжанов медициналық мекемелерге ерекше назар аударылатынын атап өтті.

РКС: Аймақ басшысы Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында көпсалалы инновациялық колледжінде де болды. Білім ордасының 85 жылдық тарихы бар. Мұнда бүгінде 9 білім беру бағдарламасы мен 17 бағыт бойынша 500-ге жуық студент білім алуда. Олардың сапалы білім алуына 55 педагог жауапты. Болашақ механизаторлар өндірістік процестерде дәнді дақылдар және картоп егужің практикалық тәжірибесін алады.

СНХ: САЙРАН СЕЙІТҚАЛИЕВА, КРАСНЫЙ ЯР КӨПСАЛАЛЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бізде 12 шақырым жерде оқу-жаттығу фермасы бар. Онда 307 гектар егістік жер бар. Биыл 152 бидай, 70 арпа және 4 гектар жерге картоп егтік. Білім беру нысанының негізгі мақсаты - студенттерге технологияны пайдалана отырып, шеберлерлік дағдыларды меңгерту.

РКС: Өңір басшысы Ақмола облысы агроөнеркәсіп саласының негізі екенін атап өтті. Ауыл шаруашылығы саласы мен экономиканы одан әрі дамыту үшін ауыл шаруашылығы мамандары аса қажет. Облыс әкімі колледждің білікті кадрлар даярлау міндетін толығымен орындайтынын атап өтті. Ол ел Президенті кадрлық әлеуетті ұдайы арттырудың маңыздылығына тоқталып, келесі жыл "Кәсіби жұмысшылар жылы" деп жариялағанын еске салды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ