ДИКТОР: 1990-шы жылы қазанның 25-сі Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылдады. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы маңызды қадам болды. Еліміздегі мәдени нысандардың әрқайсысы ел тарихындағы атаулы күндерді еске салады. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін 1991-ші жылы қазақ елінің бірлігін, жерінің тұтастығын сақтап, 48 жыл хандық құрған Абылай ханның құрметіне Бурабай ауылында мемориалды-сәулет кешені орнатылды.

STАND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА: ТІЛШІ: Қай елге барсаң да алдыңнан асқақтай көрініп, назарыңды еріксіз бұратын нәрсе − сол елдің сәулет ескерткіштері мен мүсін өнерінің туындылары. Себебі, бұл елдің тегі мен тарихы, айбыны мен айбаты, рухы мен мінезі, өнері мен шеберлігінің көрінісі.

РКС: Мемориалды-сәулет кешені 1991 жылы Абылай ханның 280 жылдығына орай Бурабай ауылында, Көкше тауының баурайында орнатылды. Ескерткіштің авторы Ерлан Айтуаров. Сегіз қырлы етіп жасалған монумент дөңгелектің ішінде тұр. Сегіз қырлы пішін мәңгілік берекені білдіреді. Алтын оюмен безендірілген жебенің ұштарындай қырлары бар кешеннің биіктігі 35 метр.

СНХ:ӘСЕМГҮЛ ШӘКИЕВА, АБЫЛАЙ ХАН АЛАҢЫ МЕН МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ИНТЕРАКТИВТІ КЕШЕННІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Абылай хан 18 ғасырда Орталық Азия бойынша ең беделді, мемлекет және саяси қайраткер болған. Қазақ хандығы дәуірінде үш жүзді біріктірген Абылай хан Бурабай аумағында өз ордасын құрды. Осы алаңда Абылайхан жақын серіктестерімен бірге түрлі ойын, ат жарыс, салтанатты шаралар өткізіп, өз шатырын, киіз үйлерін тіккен. Абылай хан дипломат болғандықтан, дипломатиялық кездесулер де осы жерде өтті. Стелла биікке қарап тұрған жебелер мен шаңырақтан тұрады. Бұл үйдегі жайлылық пен ошақтың символы. Ал қалықтаған бүркіт мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен бостандығын білдіреді.

РКС: Ескерткіштен 120 метр қашықтықта Көкше тауының етегінде ханның табиғи тас тағы бар. Граниттен арнайы қашап жасағандай табиғи тақты елде «Хан тағы» деп атайды. Дәл осы жерде ұлт тағдырын шешкен бірегей шешімдер қабылданғаны белгілі. Сондай-ақ 2009 жылы дәл осы жерде «Абылай ханның тарихи алаңы» деген атаумен ашылған мұрайжай болған. Қазіргі бұл жерде мультимедиалық интерактивті кешен орналасқан.

СНХ: БАҚЫТГҮЛ ЖОЛДАСОВА, МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ИНТЕРАКТИВТІ КЕШЕННІҢ МЕНЕДЖЕРІ: Бұл интерактивті алаңдарда Абылай ханның өмірі туралы көркем фильм осы интерактивті кешенімізге арналып түсірілген еді. Қазақстанның тәуелсіздігінен бастап 1990 жылдан бастап қазіргі күнге дейін қысқаша, ұғымды тарих жаңа Қазақстан тарихы жазылған. Бұған қоса, ру шежіре залы да бар.

РКС: Тәуелсіздікке арналған сан алуан ескерткіш пен монумент еліміздің әр өңірінен бой көтеріп жатыр. Ауқымды ескерткіштер болашақ ұрпаққа тарихымызды түгендеп, ұлы тұлғаларды ұлықтауды ұғындыруға таптырмас құнды көрнекілік екені даусыз.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ