ДИКТОР: Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды. Сапар барысында Аршалы ауданындағы Жібек Жолы ауылының отбасылық денсаулық орталығының және аудандық аурухананың жұмысымен танысты. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: «Эндохирургия клиникасы» серіктестігінің қызметі ауыл тұрғындарына сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Ауыл тұрғындары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде білікті медициналық қызметтерді алып отыр. Күндізгі стационарда 8 терапиялық және 4 хирургиялық орын бар.

СНХ: САЛТАНАТ ЖЕНАЛАЕВА, «ЭНДОХИРУРГИЯ КЛИНИКАСЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: Бізде қазірдің өзінде үлкен тәжірибе бар. Мұндай клиникаларды Целиноград ауданының Қоянды ауылында аштық. Орталығымыз алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге бағытталған. Бүгінгі таңда бізде 1,5 мың адам тіркелген. Күндізгі стационар бар және қаладан барлық тапшы мамандарды алып келеміз.

РКС: Министр 2022 жылы басталған Аршалы аудандық ауруханасында жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысты. Ішкі, сыртқы жөндеу, бас ғимараттың шатырын ауыстыру, сондай-ақ іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталған. Оған бюджеттен 1,8 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Одан соң денсаулық сақтау министрі жұртшылықпен кездесті. Онда еліміздің бас дәрігері медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау, медициналық препараттарды оқшаулау аспектілеріне тоқталды.

СНХ: АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінде қазіргі уақытта медициналық көмегі пациентке бағдарланған моделін қалыптастыру мақсатында саланы қайта жаңғыртуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты нормаларын мынандай нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған тиісті заң жобасы әзірленді. Біріншіден бюджеттің бүгінгі күні міндеттемелерін анықтау мәселесі, яғни базалық мемлекеттік медициналық көмектің біріңғай пакетін қалыптастыру мәселесі. Екінші мәселе онкологиялық скриннингтер бүгінгі күні тек ғана МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтарға қолжетімді. Осыған байланысты онкологиялық скриннингтердің қолжетімділігін мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін тиімді болуын қамтамасыз етуге жұмыс жасап жатырмыз. Наурыз айынан бастап жүкті әйелдерге пренаталдық диагностиканы инновациялық әдістерін жүргізуге және патологиясы бар баланың туу қауіпі уақытылы анықтауға мүмкіндік беретін біркүндік клиника жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда он өңірде, оның ішінде Көкшетау қаласында да осы жоба іске қосылды.

РКС: Кездесу барысында министр Аршалы ауданы тұрғындарының сұрақтарына нақты жауап берді. Ауылдарда мамандардың жетіспеуіне, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты мәселелер талқыланды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Брифинг барысында жедел жәрдем қызметіндегі өзгерістер және ауылдарда медициналық көмек көрсетуді жақсарту шаралары жөнінде мәселелер талқыланды. Министрдің айтуынша, жедел жәрдем қызметіне биыл Республика күніне орай арнайы 25 көлік табыс етілмек.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ