ДИКТОР: Көкшетау қаласында тәжірибелі, дарынды, саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған өз ісінің хас шеберлерін көптеп кездестіруге болады. Олар шәкірттеріне тек негізгі білімді ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін оятуға барын салады. Салтанат Тасымова 36 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз. Ол облыс орталығындағы нөмірі 6 мектеп-лицейдің география пәнінің мұғалімі.

РКС: Салтанат Тасымова алдымен Щучинск қаласындағы педагогикалық училищеде білім алады, орта арнаулы оқу орнын тәмамдағаннан соң шамалы уақыт бастауыш сыныпқа сабақ береді. Содан кейін ғана жаңа білім мен құзыреттілік алу үшін Алматыға оқуға түседі.

СНХ: САЛТАНАТ ТАСЫМОВА, №6 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ МҰҒАЛІМІ: Абай атындағы Қазақ педагогика институтының жаратылыстану-география факультетіне оқуға түстім. Яғни қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, география және биология пәнінің мұғалімі дипломын алып, туған жерім Көкшетауға келдім, осы күнге дейін география пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп жүрмін.

РКС: Салтанат Тасымова өз сабақтарында материктер мен климат туралы ғана білім беріп қана қоймайды, сонымен қатар оқушыларға географияның күнделікті өмірге және планетаның болашағына қалай әсер ететінін түсіндіруге көмектеседі. Жаһандану дәуірінде география түрлі ел мен аймақтардың өзара байланысын, бір-бірімен шекаралас мемлекеттер арасындағ халықаралық қатынастардың қалай құрылғанын көруге мүмкіндік береді.

СНХ: САЛТАНАТ ТАСЫМОВА, №6 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Қазір жасанды интеллект мұғалімдер мен оқушылар арасында белсенді қолданылуда. Тақырыпты оқығанда, мысалы, экологиялық тақырыпта шағын презентациялар жасау, біз жасанды интеллектті қолданамыз және балалар бұл жаңалықтарға тез бейімделеді. Топпен жұмыс жасаған балалар тамаша презентациялар дайындады. Олардың өздері де, біздің де қызығушылығымыз басым. Өйткені біз кейбір мәселелерді айтып қана қоймай, тақырыпты тереңірек ашуға тырысамыз.

РКС: Салтанат Тасымова ұстаздық жолында өзінің жолын қуып, география пәнінің мұғалімі болған шәкірттері барын мақтан етеді. Ұлағатты ұстаздың зейнетке шығуына бір жыл қалды. Биылғы оқу жылында сынып жетекшісі 11-сынып оқушыларын үлкен өмірге шығарып салады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ