ДИКТОР: Көкшетауда өткен форумға еліміздің 9 өңірінен 100-ден астам волонтер жиналды. Шара еріктілер қозғалысын дамытуға ат салысатын үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың, сондай-ақ волонтерлердің әлеуетін арттыруға бағытталған.

РКС: Милана Сайлаубаева - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті. Екі жыл волонтерлікпен айналысады. Бастапқыда хобби ретінде бастап, қазіргі уақытта нақты мақсатыма айналды- дейді ол.

СНХ: МИЛАНА САЙЛАУБАЕВА, ВОЛОНТЕР: Бұл еріктілер семинарына мен өзімнің "Альфа team" командаммен келдім. Олар екі жылдан астам волонтерлік қызметпен айналысады. Біздің команда 1-ші курс студенттерін қоса алғанда 20 адамнан тұрады. Бұл әрекет арқылы мен жаңа қосылып жатқан еріктілерге волонтерлік қызметтің не екенін, оның қоғам үшін маңыздылығын көрсеткім келеді.

РКС: Форумның негізгі мәселесі қолданыстағы волонтерлік жобаларды қолдау, жаңа бастамаларға мүмкіндіктер беру, сондай-ақ жастарды белсенді волонтерлік қызметке тарту. Шара барысында қатысушыларды жаңа бастамаларға шабыт берген жергілікті деңгейде жүзеге асырылған сәтті жобалар ұсынылды.

СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бізде жыл сайын республикалық деңгейде жыл волонтері өтеді. Облысымыз бойынша да жаңа жобалар мен ұйымдар пайда болады. Көкшетау қаласында мысалы бізде 3 бағыт бойынша волонтерлік ұйымдар ашылды.

РКС: Сондай-ақ шара барысында бірқатар ақмолалық волонтерлік қызметке белсене қатысқаны үшін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЕЛДАР САПАРОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы форум аясындағы панельдік сессияларда түрлі бағыттағы волонтерлік бағыттардағы жаңашылдықтар, жаңа жобалар талқыланатын болады. Біз қазір елімізде волонтерлік өздеріңіз білесіздер 8 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Сол 8 бағыттың барлығы да осы форум аясында қамтылатын болады. 2026 жылды Біріккен ұлттар ұйымы волонтерлік бастамалар жылы деп жариялап отыр. Сондықтан да осы 2026 жылдың аясында волонтерлік салалардың тағы да қосымша бірнеше даму бағыттары айқындалатын болады.

РКС: Министрлік өкілдері форумда айтылған барлық ұсыныс назарға алынатынын атап өтті. Айта кетейік, бүгінде өңірде 3 мыңнан астам адам және 89 орталық волонтерлер қызметіне қатысып отыр.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.