ДИКТОР: Егін жинауды аяқтағандардың қатарында Сандықтау ауданы Приозерное ауылының «Қарлығаш» шаруа да қожалығы бар. Негізінен шаруашылық дәнді және жемшөп дақылдарын өсіреді. Өсімдік шаруашылығынан басқа, қожалық мал шаруашылығымен айналысады.
РКС: Шаруа қожалығы 1,5 мың гектар алқапқа дәнді-дақыл сіңірді. 900 гектарына бидай, 300 гектарға жуық алқапқа арпа, 110 гектарға сұлы егілді. Сондай-ақ, диқандар шабындық дақылдарын да жинады.
СНХ: САЙРАН ӨМІРБЕКОВ, «ҚАРЛЫҒАШ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазір астықты тазарту, кептіру жұмыстары жүргізіп жатырмыз. Биыл егіннің сапасы жақсы. Бидайдан гектарына 30 центнер, арпадан гектарына 25 центнер, сұлыдан гектарына 35 центнер алынды. Биыл жақсы. Барлығын жинауға үлгердік. Ауа райы жақсы болды.
РКС: Шаруа қожалығында 220-дан астам симменталь тұқымдас ірі қара мал өсіріледі. Қазір 100-ге тарта сауын сиыр бар.
СНХ: ҮМІТЖАН ӨМІРБЕКОВА, СҮТ ЦЕХЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Мұнда бәрі автоматтандырылған. Қолмен ештеңе істелінбейді. Жем техникамен кіргізіледі. Су сиырлардың алдында ағып тұр. Сүт құбырлар арқылы жиналады, қолдарыңызбен сүйреудің қажеті жоқ.
РКС: Сондай-ақ, былтыр голштино-фриз тұқымды 50 бас ірі қара мал сатып алынды. Сонымен қатар, шамамен 160 жылқы бар. Шаруашылықта заманауи үлгідегі арнайы жабдықталған база жұмыс істеп тұр.
СНХ: САЙРАН ӨМІРБЕКОВ, «ҚАРЛЫҒАШ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Сүтпен айналысып 2021 жылы бастағанбыз. Соған 3-4 жыл болып қалды. Сүтті Көкшетау Гормолзаводқа, реализацияға өздері келіп алып кетеді . Бүгінгі күні бір тонна сүт өндіреміз.
РКС: Қазір қысқа 500 тонна шөп, 600 тонна пішен, 400 тонна жем дайындалды. Шаруа қожалығындағы ұжым шағын ғана 15 адам жұмыс істейді. Заманауи техникамен жарақтандырылған және шаруашылықты басқарудың озық әдістерін шебер қолданудың арқасында олар кез келген ауқымды істі еңсеруден жасқанбайды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.