ДИКТОР: Қазақстанда биылдан бастап дәрілік заттарды таңбалау жүйесі жұмыс істейді. Жаңа бағдарлама препараттардың өндірістен немесе елге әкелуден бастап соңғы сатып алуға немесе пациентке бергенге дейінгі жолын бақылауды қамтамасыз етуге арналған. Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Көкшетау қаласындағы дәріханалардың бірінде енгізілген жүйенің жүзеге асырылу барысымен танысты.

РКС: Дәріхана жылдың басында таңбаланған тауарлармен жұмыс істеуге дайындықты бастады. Арнайы жабдық сатып алып, есептік бағдарламамен интеграцияны жетілдірді. Көтерме дистрибьюторлық фирмалардың препараттары «Data Matrix» кодымен келеді.

СНХ: СВЕТЛАНА ГАРАЖА, ДӘРІХАНА МЕҢГЕРУШІСІ: Артықшылығы жалған дәрі-дәрмектер фармацевтикалық нарыққа түспейтінінде. Тұтынушы үшін бұл қауіпсіз, тиімді және сапалы препараттар. Мұнда бақылау біз үшін де көрінеді – дәріханаға келіп түсетін препараттың барысы. Тұтынушы үшін олар сонымен қатар «Data Matrix» кодын сканерлеу арқылы препарат туралы барлық деректерді біле алады.

РКС: Одан соң Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Медициналық мекемелердің басшыларымен бірге Премьер-Министрдің орынбасары Президенттің тапсырмаларын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру, тарифтерді көтеру және халықтың қызметтерді тұтыну коэффициентін есептеу. Өңірге медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі стратегияны әзірлеу қажет.

СНХ: ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Денсаулық сақтау министрлігінің алдына сапалы медициналық көмек көрсету міндетін қоямыз. Егер сіз 2019 жылы 37 миллиард теңге алсаңыз, биыл 87 миллиард теңге аласыз. Яғни, денсаулық сақтау жүйесіне шығындар 2,3 есе өсті. Жалпы, Егер республика бойынша қаралса, шамамен бірдей сома.

РКС: Кадр тапшылығы мәселесін шешу жолдары да қаралды. Дәрігерлерге көтерме ақы төленеді, тұрғын үй және бағдарлы гранттар бөлінеді. Сала басшылығына жыл соңына дейін бірыңғай медициналық көмек пакетін қалыптастыру міндеті жүктелді. Сонымен қатар, сақтандырылмаған азаматтарды медициналық сақтандыру жүйесіне тарту қажет. Цифрландыру мәселесіне де назар аударылды.

РКС: Спорт ұйымдарының басшыларымен кездесуде Тамара Дүйсенова аталған саланы дамытудың бірқатар маңызды мәселелері талқыға салынды. Бірыңғай цифрлық платформадан басқа, саланы басқарудың интеграцияланған жүйесін енгізу ұсынылып отыр.

СНХ: ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Спорт кешенінде өздеріңізге белгілі жалпы спорттың қандай түрлерімен біз шұғалдануымыз керек. Екіншіден, біздің спорттың инфраструктура қалай дамытуымыз керек. Қаржыландыру мәселесі қалай болу керек – осыны қарастырдық. Қазір Ақмола облысының спорт мектептері басшыларымен, спорт қарасты басшыларымен кездестік. Әрине, кейін олардың пікірлерді бірге қосып, тұжырымдап, заңға енгізуге тілектесеміз.

РКС: Сонымен қатар Тамара Дүйсенова спорт мектептері басшыларының жан басына шаққандағы қаржыландыруға қатысты ұсыныстарын тыңдады. Мамандар оны енгізудің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін талқылады. Алдағы уақытта ұсыныстар жинақталып, нақты бір шешімге келеміз. Вице-премьер осылай деді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.