ДИКТОР: Ұлттық және халықтық спорт түрлерінен «Құлагер» облыстық спартакиадасының ІІ кезеңі басталды. Биыл ол Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Жарысқа 200-ден астам спортшы қатысып жатыр.

РКС: Спартакиаданың алғашқы күні бәйге, аударыспақ пен көкпар болды. 2 шақырымдық қашықтықта ұшқыр бәйге, құнан бәйге 9 шақырымда, 16 шақырымға аламан ұйымдастырылды. Ұшқыр бәйгеде Ескендір есімді жорға мәре сызығын бірінші болып кесті. Жокей Аршалы ауданынан келген Румия Усманова. Екінші орынды Самғау атты сәйгүлігімен Зеренді ауданынан келген шабандоз Вероника Лобас еншіледі. Жокей Аслан Кәрімжан Қақарман атымен қола жүлдегер атанды.

СНХ: РУМИЯ УСМАНОВА, ҰШҚЫР БӘЙГЕДЕН ЖЕҢІМПАЗ: Красный Яр елді мекенінде биылғы маусымда алғаш рет жарыс ұйымдастырылып отыр, әрине қуаншты жағдай. 1998-ші жылдан бері айналысамын. Жыл бойы сәйгүлікті жарысқа дайындадым. Оңай емес, талай кедергіден өту керек. Жаттықтырушының басты міндеті, нері деп айтсақ та болады, жылқыны жарысқа дайындау, баптау.

РКС: Спартакиада спорттың 11 түрінен өтіп жатыр. Қатысушылар бәйгеде, көкпарда, аударыспақта, жамбы ату мен теңге ілуде, қазақша күрес пен асық атудан, қол күрес пен тоғызқұмалақ ойындарында бақ сынасып, өзара кіл мықтыны анықтамақ. Сондай-ақ городки және гір спортынан да жарысады.

СНХ: ҚУАНЫШ ҚАРАУЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аймақтың 20 өңірінен 11 команда қатысып жатыр. Облыстық жарыстардан іріктелгендерден Қазақстанның құрамасы жасақталады. Одан әрі олар келер жылы аталған спорт түрлері бойынша республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайды. Бізде мықты командалар бар. Кезінде Ақмола облысының командасы еліміздің үздік үштігіне енген.

РКС: Спартакиаданың финалдық ойыны қазанның 12-де өтеді. Жарыс қорытындысы бойынша үздік бестікке іліккен командалар медальдармен, кубоктармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ПАЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ