ДИКТОР: Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапхананың директоры Қуаныш Оспан Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларымен кездесті. Онда ақын өлеңдерін оқып, оқушылардың сан алуан сұрақтарына жауап берді.
Ест.Шум:
РКС: "Қуанышпен қуанышты кездесу" атты басқосуда оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, өмірбаянымен танысты. Қуаныш Ерғалиұлы да өз шығармаларын оқып, мектеп кезіндегі қызықты сәттерімен бөлісті.
СНХ; ҚУАНЫШ ОСПАН, АҚЫН: Оқушылармен бір риясыз кездесу болды деп есептеймін. Ақын ретінде өлең оқып жатқанда алдыңда отырған адамдардың ұғынып, түсініп отырғанын сезінуден артық дүние жоқ. Осы мектепте келген кезде қазақтың, қазақилықтың иісі аңқып тұрады. Шабытпен, ерекше ықыласпен келіп отырмыз. Көп рахмет.
РКС: Оқушылар өз кезегінде ақынға түрлі сұрақтар қойды. Қуаныш Оспан шығармашылықтағы жаңалықтары мен алға қойып отырған мақсаттарын айтты.
СНХ: ДИЛЬНАЗ СЕРІКОВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №3 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫ: Ағамыз өзінің өмірлік жағдайы туралы, өлеңдерінің мағынасы туралы бізге түсінік сөз қалдырып кетті. Ағаның өлеңдері қандай мағына беретінін ұғынып алдық. Бүгінгі кеш өте өнегелі болды деп санаймын. Ағаның жазары таусылмасын.
РКС: Кездесу соңында ақынға естелік сыйлық беріліп, суретке түсті.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ