ДИКТОР: Облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Онда жан басына шаққанда мемлекеттік тапсырысты нормативтік қаржыландыруды іске асыру сапасы мен облыстағы діни ахуал талқыланды.
РКС: Облыс бойынша 4 пен 17 жасқа дейінгі 32 мыңға жуық бала мен жасөспірім білім беру және шығармашылық үйірмелерге, спорт секцияларына тегін барады. Биыл өткізілген мемлекеттік сатып алулардың нәтижесінде мәдениет басқармасына damubala.kz ақпараттық жүйесіне қолжетімділік берілді. Аталған жоба аясында балалар сабаққа мемлекеттік қаражат есебінен қатысады.
СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА - ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 2025 жылы облыстағы барлық аудандарды қамту үшін жаңа қабылдау ашылады. Ақмола облысында үйрмелердің 50 бағытынан 39 түрі жұмыс істейді. 3 жыл ішінде мемлекеттік шығармашылық тапсырыс толыққанды деңгейде шықты.Бүгінгі таңда жан басына шаққандағы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істеудің барлық процессі тура жолға қойылған және пысықталған, процесс автоматтындырылған.
РСК: Облыс аумағындағы діни ахуалға тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізіледі. Өңірде ресми түрде тіркелген 195 бірлестік жұмыс істейді. Ведомствоның мәліметінше, деструктивті діни ағымның жетегінде жүрген 30 ақмолалық дәстүрлі исламға ауысқан.
СНХ: ЕРКІН КӨШКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес басқарма діни қызмет саласында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеу және қайта тіркеу қызметін жүзеге асырады. Сонымен бірге діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасқан жерін бекіту туралы шешімді берумен айналысады. Жыл басынан бері 22 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
РКС: Дін саласында заңға қайшы келетін материалдарды қамтитын контентті анықтауға байланысты интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу кезінде 1200-ге жуық материал анықталып, "Кибербақылау" республикалық жүйесіне енгізілді. Отырыс барысында депутаттар күн тәртібіндегі тақырыптар бойынша өз ұсыныстарын айтты.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.