ДИКТОР: Егіндікөл ауданында соңғы жылдары 10 мыңға жуық тұрғын көшіп кеткен. Себебі, елдімекенде ауыз су мәселесі өзекті. Нұра топтық су құбырының 90 проценті тозған. Салдарынан, тіршілік нәрі діттеген жерге жетпеген. Мұны ескерген Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов дер кезінде тиісті шараларды қабылдады. Ал, бүгін Егіндікөл ауданында Нұра су құбыры қайта жөндеуден өтіп, іске қосылды.

РКС: Тозығы жеткен Нұра топтық су құбырын жаңартудың арқасында енді Қарғалы, Жантеке, Құмкөл, Тоғанас және Егіндікөл ауылдарында су мәселесі шешілді. Жауапты мердігерлер инфрақұрылымдық жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асырды. Бүгінде 70 шақырымға жуық су құбыры жөнделіп, 78 құдық қазылды. Айта кетейік, Нұра топтық су құбыры 24 елдімекенді сумен қамтамасыз етеді.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл біздің Президентіміздің назарындағы, бақылауындағы тұрған мәселе. Өйткені, мен осы жерге тағайындалған кезде нақты тапсырма берген. Мынау ауылда төтенше жағдай жарияланып, ауыз су тапшылығы болып осы 1 жылдың ішінде 70 км су құбыры салынып, су келіп жатыр елдімекендерге. Бұл енді 23 ауылды сумен қамтитын жоба. Біраз жыл су берілмегесін, тот басқан жерлер бар. Осал жерлер бар. Оны Егіндікөл су арнасына, Егінжікөлдің әкіміне нақты тапсырма берілді. Енді осы ішкі құрылымдарын бақылап, қысқа дейін сапалы жөндеу жұмыстарын жасап халыққа үздіксіз сумен қамтамасыз етуге жағдай жасалады.

РКС: Тіршілік нәріне зәру болған тұрғындар бүгін бөріктерін аспанға атып жатыр. Себебі, көптен күткен ауыз су мәселесі шешілді. Бұған дейін, жергілікті халық суды Елорда немесе Астраханка ауданына қатынап, тасымалдауға мәжбүр еді.

СНХ: ТЕМІР-БОЛАТ ТАСҚЫМБАЙ, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 25 жылдың ішінде ауыз су мәселесі өте қиындап кетіп еді. Айлап, жылдап сусыз өмір сүрген кездер болды тасымалды сумен. Соған байланысты көптеген тұрғындарымыз көшіп кетті. Бірақ, енді осы күрделі мәселе шешімін тапқандай. Әкіміміз облыстың өткен жолы келгенде сендіріп, осы 3-4 айдың ішінде Алла жазса сіздерге су береміз деп айтып еді. Міне, су беріліп жатыр. Үйімізде кранымыздан су ағып жатыр. Бұл енді біздің әлеуметтік және экономикалық дамуымызға өте қолайлы жағдай туғызады деп ойлаймын.

РКС: Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ал, бұл Егіндікөл ауылындағы 1-ші мектеп. Айта кетейік, былтыр өңір басшысы Егіндікөл ауданына жұмыс сапарымен келгенде, білім ошағының жай-күйі нашар еді. Өйткені, мектеп соңғы жылдары мүлдем жөндеу көрмеген. Тіпті, білім ошағының іші суық болды. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов мектептің жай-күйімен танысқаннан кейін, жауапты сала мамандарына тиісті тапсырама жүктеген еді. Осылайша білім ордасына күрделі жөндеу жүргізіліп, жылу тартылды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 400 млн.теңгеге жуық қаржы бөлінді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Сонымен қатар, бүгінгідей айтулы күні Егіндікөл ауданына қарасты Бауманское ауылында фельшерлік-акушерлік пункт те ашылды. Ғимарат бір ауысымда 40 адамды қабылдай алады. Жаңа фельшерлік-акушерлік пункт заманауи жабдықтармен толық жабдықталған. Мұнда жергілікті тұрғындар үшін зарарсыздандыру бөлмесі мен егу, акушерлік, фельдшер және физотерапиялық кабинеттері бар.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ