ДИКТОР: Сандықтау ауданында жыл он екі ай бойы қысқы спортпен айналысуға мүмкіндік бар. Бұл үрдіс әлемдік стандартқа сай шаңғы роликті жолы салынғалы еселеп артты.
РКС: «Тұлпар аунаған жерде түк қалады» демекші талай қысқы спорт тарландары қанат қаққан өңірде аға буын өкілдерінің ізін лайықты жалғастырып келе жатқан толқын өсіп келеді.
СНХ: ВАЛЕРИЙ ЛОВЯГИН, АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жаңа оқу жылында спортпен айналысушы ұл-қыздардың саны 760-қа жетті. Олар 52 топқа бөлінген. Өрендерге 22 жаттықтырушы дәріс береді. Ауданымызда әсіресе қысқы спорт түрлері мықтап дамыған.
ИНТЕРШУМ:
СТЭНД-АП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Шаңғы роликті жолында жаттығу жыл бойы жалғасады.
РКС:Жергілікті балалар спорт мектебінде шаңғы мен биотлоннан білікті бапкерлер жұмыс істейді. Олардың шәкірттері әлемдік жарыстарда да ел намысын лайықты қоргауда.
СНХ: ИВАН СПИРИДОНИДИ, БАПКЕР: Біздің өлке қысқы спортты дамытуға өте қолайлы. Қар ерте түсіп, кеш ериді. Әлемдік деңгейдегі шаңғы роликті жолымыз бар. Жергілікті балалар қысқы спортты жақсы көреді. Жаңа оқу жылында да 20 баланы үйірмеге қабылдап алдық.
СНХ: АНДРЕЙ КРАШАННИКОВ, БИАТЛОНШЫ: Биатлонмен 6 жыл айналысамын. Бапкерім Евгений Лазаревич Тахтовранидий. Облыстық республикалық жарыстарда жүлдегер болдым.
РКС: Қысқы спорт қанатын кеңге жайған Сандықтау ауданынан жерлестері қысқы Олимпиаданың күміс жүлдегері. Владимир Сахновтың ізбсары шығар күн алда.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ