ДИКТОР: Зерендіде үшінші рет жүгіруден дәстүрлі жарыс ұйымдастырылды. Оған 1 мыңнан қатысушы ниет білдірді. Оның 120-сы балалар, 50-і скандинавиялық жаяу жүргіншілер. 500-ге тарта жартылай марафоншы және осынша қатысушы 10 шақырымға жүгірді. Халықаралық жартылай марафон - бүкіл әлем бойынша жүгірушілер мен спорт әуесқойларын қызықтыратын тамаша оқиға.
РКС: Жарыстың шарты бойынша марафоншылар көлді айналып жүгіруі тиіс. Ал 10 шақырымдық қашықтық басталғанға дейін қатысушылар стартқа автобустармен жеткізілді. Зерендінің тұмса табиғаты кез келген адамды өзіне баурап алады.
СНХ: ПАВЕЛ ТЕНЦЕР, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРТЫЛАЙ МАРАФОННЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Жүгіруге арналған трасса халықаралық жол жарысы қауымдастығының сертификатын иеленген. Соның арқасында әрбір қатысушы кез келген халықаралық старттарда басқа жарыстарға іріктеуге қатысу үшін өз нәтижесін қолдана алады.
РКС: Жартылай марафон көбінесе жеке рекордтар орнататын алаңға айналады, бұл салауатты бәсекелестік атмосфераны қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз. Көптеген жүгірушілер бәсекелестік рухын көтеретін нәтижелерін жақсартуға тырысты.
СНХ: ФЕДОР КАРПОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРТЫЛАЙ МАРАФОННЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:(САНДЫҚТАУ): Марафондарға бірнеше рет қатыстым және осы марафонның екі дүркін жеңімпазымын. Біздің аудан, аймақ үшін өте жарқын және ауқымды шара. Өте керемет. Спортты танымал ету өсуде, жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Барлығы өте жақсы, шараны ұйымдастырылу өте жоғары деңгейде. Марафондарға қатысуға келіңіздер. Жүгірумен айналысыңыздар.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жартылай марафон аясында түрлі мәдени іс-шаралар, көрмелер мен жәрмеңкелер де ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде қатысушылар мен жанкүйерлерге спортпен шұғылданып қана қоймай, мәдени тұрғыдан ләззат алуға да мүмкіндік береді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ