ДИКТОР: Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біртұтас қоғам, келісім және сенім» қоғамдық жобасы аясында Ассамблея өкілдері Көкшетауда бас қосты. Олар этникааралық тұрақтылыққа қатысты Үкіметтің алға қойған негізгі міндеттерін талқылады. Дөңгелек үстел басындағы жиында облыстық басқармалар мен ведомство өкілдеріне семинар-тренинг өткізді.
РКС: Облыс аумағында 47 этномәдени бірлестік тіркелген. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында мемлекет азаматтардың әл-ауқаты мен бейбіт өмірін жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізуде. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық жобаларының бірі - "Біртұтас қоғам: келісім және сенім" деп аталады.
СНХ: ЛУГМАР БУЛАРОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жобаның идеологиясы-ұлттық құндылықтардың бірі саналатын әділеттілік пен жауапкершілік. Этномәдени орталықтарды қоғамдағы сенімділік мәдениетіне тарту. Ақмола облысында дәл осы мақсатта еркін форматта әңгімелесіп, семинарлар өткізіп жатырмыз.
РКС: Евней Бөкетов атындағы Қарағанды университеті лекторының пікірінше, адамгершілік–әлеуметтік, құқықтық, экономикалық қатынастарды реттейтін құрал. Қазақстандықтар өздерінің азаматтық құқығын білу іүшін заңдарды оқуы тиіс.
СНХ: РУСЛАН ТОҚАТОВ, Е.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: Бүгін біз Қазақстанның ең өзекті мәселелерінің бірі келісім мен бейбітшілік тақырыбын қозғадық. Қазақстан көпұлтты мемлекет. Конфессия көп. Осының бәрінен бұрын адамгершілік қашан да биікте тұруы керек деп ойлаймыз. Заңның үстемдігі зор роль атқаратынын ұдайы айтып келеміз. Екінші мәселе, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Яғни, еліміздің азаматтары бәрінен хабардар болуы керек.
РКС: Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Степногорск қаласы мен Шортанды ауданында да семинар-тренингтер өткізеді.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ