ДИКТОР: Ақмола өңірі –аграрлы аймақ. Еліміз бойынша бидайдың төрттен бірі бөлігі дәл осы өңірде өсіріледі. Бүгінге дейін жергілікті шаруалар 6 миллион тоннадан астам астық жинады. Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы Министрі Айдарбек Сапаров Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданындағы бірнеше нысанның тыныс-тіршілігімен танысты.
РКС: Ауыл шаруашылығы министрі алдымен «Agrimer-Astyk» серіктестігінде болып, өндіріс секторының негізгі мәселелерімен танысты. Кәсіпорын астықты үздіксіз қабылдауды қамтамасыз етеді. Элеватор директоры арпаны жөнелту белсенді жүріп жатқанын атап өтті. Ауыл шаруашылығы министрі биыл «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы астықтың нарықтық бағасын ұсынуды жалғастыратынын атап өтті.
СНХ: АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: Қамырлылығы 23 процент болатын 3-ші классты бидайдың бағасы 85 мың теңге, ал 25 проценттігі 90 мың теңге. Ал қамырлылығы 27 проценттен жоғары бидайдың бағасы 100 мың теңгеге дейін барады. 4-ші, 5-ші классқа жататын астық пен арпаның бағасы аптаның соңында жарияланады.
РКС: Бұдан соң министр бұршақ және майлы дақылдарды терең өңдейтін зауытқа барды. Қазір қуаттылығы 48 мың тонна болатын кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобаға 2 млрд теңге қаржы бөлінген. Зауыт биыл іске қосылады деген жоспар бар. Мұндағы өнімдер Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, Қытай мен Оңтүстік Кореяға экспортталады. Еліміздің бас фермерінің жұмыс сапары Бурабай ауданында жалғасты. Министр егін жинау науқаны аяқталуға жақын Атамекен ауылының егістік алқаптарын аралады. Айдарбек Сапаров аграршыларды қолдауға бағытталған Үкімет қабылдаған шаралар алдағы уақытта жақсара түсетінін атап өтті. Сонымен қатар, фермерлер алдағы көктемгі дала жұмыстарына қажет қаражатты биыл ала алатынын айтты. Жұмыс сапарының соңында Айдарбек Сапаров сүт-тауарлы фермасының жұмысымен танысты. Өндірісте сиыр саууға арналған заманауи қондырғылар қолданылады.
СНХ: АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: Сиыр сауу залы басқа аналогтарға қарағанда 30 процентке арзан. Оны осы жерде оны құрастыратын болсаңыздар, қолдауға дайынбыз. Сапасы жақсы болса, жақын маңдағы аймақтар сатып алады.
РКС: Сүт фермасы күн сайын 4 мың литрге дейін сүт өндіреді. Дайын өнім көршілес Солтүстік Қазақстан облысына сатылады. Министр ауыл шаруашылығын дамыту үшін осындай заманауи кәсіпорындардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге олардың үздіксіз жұмысы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді,-деді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.