ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 мамырдағы қаулысымен қазанның 10-ы кәсіподақтар күні болып бекітілді. Кәсіптік одақ ұйымдары үшін атаулы мереке қызметкерлердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау ісіндегі еңбегі мен беделін арттырады. Бүгін кәсіби мереке қарсаңында бірқатар кәсіподақ мүшесі марапатталды.
РКС: Арнайы ұйымдастырылған салтанатты шарада кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосқан кәсіподақ өкілдері, белсенділері мен ардагерлеріне алғыс хаттар мен төсбелгілер табысталды. Шара барысында облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қали Рахметов мерекемен құттықтап, кәсіподақ белсенділеріне қоғам¬дық қызметтегі елеулі жетістіктері үшін мара¬пат¬тарды табыс етті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Сәбит Қожахметов 16 жыл салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы болды. Қазір зейнеткер. Мереке қарсаңында адал еңбегі мен біліктілігі үшін «Қызмет» салалық кәсіподағының «Еңбек және кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
СНХ:СӘБИТ ҚОЖАХМЕТОВ, КӘСІПОДАҚ АРДАГЕРІ: Адамның құқығы мен мүддесін қорғайды кәсіподақ. Оның сыртанда мынау басшылардың шарттарымен келісіп, шарт жасасып жақсы бір дүниелерді алға тартып, іске қосады. Сондықтан бұл бір жағынан кәсіподақ мүшелерін да қорғайды, онымен басқа мынау ұйымның басшыларын да қорғайды. Егер де екі ортада шарт болса, онда ешқандай заң бұзушылық жоқ деген сөз. Сондықтан әлі де ойлаймын кәсіподақтың келешегі, болашағы алда. Мына қазір істеліп жатқан жұмыстардың үстінен тағы да жақсы жұмыс істейді деп ойлаймын.
РКС: Серік Кәкенов - 2018 жылдың қарашасынан бері денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің "Senim" жергілікті кәсіподағының төрағасы. Серік Қабдөшұлы осы салада атқарған жұмыстары мен жетістіктері үшін облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
СНХ:СЕРІК КӘКЕНОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «SENIM» ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Облыста 75 мыңға жуық кәсіподақ мүшесі бар. Денсаулық сақтау саласындағы кәсіподақ ұйымында 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Барлық кәсіподақтың міндеті бір. Бұл еңбек адамы, кәсіподақ мүшелері мен отбасыларының құқықтары мен мүдделерін қорғау. Қазіргі уақытта белсенді жұмыстар атқарылып жатыр. Кәсіподақтар қатары артып келеді.
РКС: Айта кетейік, облыстық кәсіподақтар бірлестігіне аймақтағы экономиканың әр саласын қамтитын 11 салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымы қарайды. Олар осы ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, еңбек адамдарының жағдайын жасап отыр. Бұл кәсіподақтарда 1300-ге жуық бастауыш және ірі 10 кәсіподақ ұйымы бар. Оған 75 мыңға жуық еңбек адамы мүше.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ