ДИКТОР: Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бақтыбек Жапаев облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бақтыбек Жапаев Павлодар университетін, Еуразия инновациялық университетін және Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Әр жылдары электр желілік компанияларында түрлі лауазымды қызметтерді атқарды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, «Астана РЭК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Астана қаласы энергетика басқармасының басшысы болды. Жекеменшік ұйымдарда еңбек етті. Өткен жылдың желтоқсанынан тағайындалғанға дейін Бурабай ауданы әкімі орынбасары қызметін атқарды.