ДИКТОР: Өткен жексенбіде қазақстандықтар атом электр станциясының құрылысына қатысты дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Жоспар бойынша жалпыұлттық референдумда 12 млн 250 мыңға жуық отандасымыздың өз таңдауын жасауға мүмкіндігі болды. Дауыс беруге арналған 10 мыңнан астам учаске жұмыс істеді. Оның ішінде 74 учаскелік комиссия шетелде құрылды. Орталық референдум комиссиясының алдын ала қорытындысына сәйкес Ақмола облысында тұрғындардың 71,63 проценті өз таңдауын жасады.
РКС: Ақмола облысында 786 референдум учаскесі таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істеді. Дауыс беру науқанында ешқандай заңбұзушылық пен тәртіпсіздік орын алмаған.
СНХ: АЛМА БЕКЕНТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Облыс бойынша барлығы 786 референдум комиссиясы жұмыс істеді. Оның ішінде біздің аумақтық референдум комиссиясы және 20 қалалық округтік комиссия. Комиссия мүшелігіне 4540 адам жұмылдырылды. Кеше дауыс беру күні аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардан 1073 өкіл, «Аманат» партиясынан 1087 байқаушы, 55-тен астам бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері дауыс беру барысын қадағалады. Сондай-ақ, облыста 17 шетелдік байқаушы болды.
РКС: Орталық референдум комиссиясының нәтижесіне сәйкес, өңірде 370 мыңға жуық астам адам дауыс берген. Оның 250 мыңнан астамы атом электр станциясының құрылысына қатысты оң пікір білдірген.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ