ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-лицейінде орналасқан №22 референдум участкесінде де дауыс беру науқаны қызу жүріп жатыр. Саяси науқан туралы әріптесім Сабина Жамшитова баяндайды.
РКС: №2 мектеп-лицейінде орналасқан №22 участкеде 1800-ге жуық адам тіркелген. №22 участкелік референдум төрайымының айтуынша, референдум талапқа сай өтіп жатыр.
СНХ: РИММА БАЙМАҒАНБЕТОВА, №22 УЧАСТКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: №22 участкелік референдум комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкес өз жұмысын сағат 7 ден бастады. Дауыс берушілер 1776 дауыс берушіні құрайды. Сонымен бірге бүгін біздің участкемізге Астанадан 25 қонақ дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берді.
РКС: Қала тұрғындары мен қатар ауыл партиясының мүшелері де арнайы келіп дауыс берді. Соның бірі ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, ауыл партиясының төрағасы-Серік Егізбаев. Оның айтуынша, референдум еліміздің болашағына әсер ететін маңызды шешім.
СНХ: СЕРІК ЕГІЗБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздер бүгін ауыл партиясының белсенділері, штаб жетекшілері, басшылығы бәріміз де бүгін Көкше еліне келіп жатырмыз. Бүгін елімізде үлкен саяси науқан болып жатыр. Бәріміз де бүгін келіп дауыс беріп жатырмыз. Біздер Қазақстан халқы бәрімізде бүгін дауыс беріп, біздің Қазақстанға маңызды болашаққа байланысты үлкен шешім қабылдап жатырмыз. АЭС мәселесі тақырып белгілі. Әрбір адам бүгін келіп шешім қабылдайды. Көкшеге барайық, заң түрінде қаралған тәсілмен дауысымызды сол жерден берейік, Көкшенің халқының келгенін, көңілдерін байқап кетейік, деп сондай мақсатпен келгенбіз. Таңертең келдік, көңіл күй жақсы, ауа райы да соған лайықты болып тұр. Адамдар келіп жатыр, дауыстарын беріп жатыр. Байқаушыларымызбен де сөйлестік,бауқаушылар отыр. Бәрі заң түрінде және де белсенді өтіп жатқанына көзіміз жетті. Біз өзіміздің таңдауымызды істедік. Мен енді сенімдімін бәрі жақсы болады, дұрыс шешімді біздің халық қабылдайды
РКС: Саяси науқанда байқаушылардың сөзінше ешқандай заң бұзушылық тіркелмеген.
САБИНА ЖАМШИТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ