ДИКТОР: Елімізде алғаш рет Ақмола облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты колонияларда жазасын өтеп жатқандардың қолымен жасалған арнайы киімдер мен бұйымдар дүкені ашылды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Дүкенде облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, полицейлер, дәрігерлер, аспазшылар мен өзге де мамандық иелері үшін арнайы киім мен аяқ киім сатылады. Барлық өнім «Еңбек-Көкшетау» кәсіпорнында өндіріледі. Сатылымнан түскен қаржы жазасын өтеушілердің еңбекақысына қосылады.

СНХ: РЫСБЕК ТҰРҒЫМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Еңбек-Көкшетау» кәсіпорнының филиалына облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жазасын өтеп жатқандар жұмысқа орналастырылған. Олар осы дүкен сөресіне қойылған өнімдерді өндіреді. Олар осылайша үкім бойынша өздерінің талап-арыздарын өтей алады.

РКС: Бұдан бөлек, дүкеннен ұлттық үлгідегі киім, үйге арналған қазақы нақыштағы заттарды да сатып алуға болады. Сондай-ақ үстел үстіне қойып ойнайтын шахмат, нарды, дойбы да бар.

СНХ: НҰРЛЫБЕК АҚТАЕВ, «ЕҢБЕК-КӨКШЕТАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Республика бойынша бірінші дүкен сотталғандардың қолымен жасалған заттарды сату. Қазіргі таңның өзінде 20- ға шақты сотталғандарды жұмыспен қамтып отырмыз. Алдағы уақытта 50-ге дейін жеткіземіз деген жоспарымыз бар. Дүкен сұранысқа ие.

РКС: Қазір Ақмола облысындағы түзету мекемелерінде 2600-ден астам жазасын өтеуші бар. Оның 1600-дейі ресми түрде жұмыспен қамтылған. «Еңбек-Көкшетау» кәсіпорнының филиалында 572, арнайы киім тігетін тігін цехында 100-ден астам жазасын өтеуші еңбек етеді.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ