ДИКТОР: Арқа өңірінің ақыны Құдайберлі Мырзабектің 60 жасқа толу мерейтойына орай әдебиет және өнер музейінде «Тыңдатам жер шарына жүрегімді» атты әдеби-сазды кеш болып өтті.
РКС: Мерейтой қарсаңында ұйымдастырылған әдеби кеш еркін форматта өтті. Студенттер ақын өлеңдерін оқып, жиналған қауымға жыр жолдарынан шашу шашты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Құдайберлі Мырзабек алғаш рет айтыс аламанына 1985 жылы өзін «жылқышы ақын» ретінде таныстырып, көпшілікті өнерімен тәнті етті. Айтыс өнерінде тұңғыш пародия да жасады. Халық ақыны Көкен Шәкеевтің жанында жүріп, тәрбиесін көрді. Ақын шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау мақсатындағы кешке зиялы қауым өкілдері де келіп, жылы лебіздерін білдірді.
СНХ: ШИЯП ӘЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Құдайберлі інімізді мен бала күнінен білемін. Көрші елміз. Ол Ақан ауылынан болса, мен Баратай ауылынан бір-екі шақырым. Өткен ғасырдың орта кезінде әртістердің осы ақындардың үлкен бір буыны болды айтыскерлер. Соның ішінде жаңадан шығып, жаңа жас бала шыққан Құдайберліге бәріміз ол кісіні қолдап, телевизордан қарап отырдық, өте риза болып, қолпаштап. Сонда Көкен Шәкеев оны осы баласындай мәпелеп, күтіп осылай жақсы тәрбиелеп, жақсы көріп, сол жағынан да білем. Ол әлі жас. Халыққа берері әлі мол.
СНХ: НҰРБЕК НҰРАЛИН ОБЛЫСТЫҚ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Көкшетаудың ақыны, сал серісі, айтыскер ақын, композитор деп айтуға болады, 19 әні бар Көкен Шәкеевтің бірден бір шәкірті. Құдайберлі Рақымбекұлының 60-қа келіп жатқан торқалы тойы. Сол тойды әрі мәдениет басқармасы ретінде, әрі әріптесі ретінде әдебиет және өнер музейінің ұжымы атап өткенді жөн көрдік. Ақынның жан-жақты ракурстарынан көрсетіп, ақынды өзінің өнерін, салдығын, серілігін, ақындығын анытып паш ету.
РКС: Мерейтой иесі «Айрауық», «Ащылы-Жекебояқ» өлеңдер жинағы, «Қармыс атаның ұрпағы» деректі повесінің авторы. Көптеген шығармасы бірнеше топтық жинақтарға енген. Ақындық өнермен қатар, батырлар жырынан үзінділерді, терме-толғауларды жатқа жырлайтындығымен де ерекшеленген өнер иесі.
СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Бұл кісінің енді шығармашылығы айтыскер ақын болып, республикамызға, елімізге танымал болды. Талай айтыстарда топ жарып бәйге алды, жүлде алды. Оның барлығы оның еңбегінің жемісі. Біздің енді Құдайберлінің ақындық болмысына келетін болсақ, айтыскерлігі бір өз алдына, жаңағы мынау жыраулық, жыршылық өнерімен қатар, ол кісінің мынау жазба әдебиетке де үлкен үлесі бар. Жазба поэзиядағы туындылары, жыр-жинақтарымен де ол оқырмандардың көңілін жаулап, жүректерін тербеп, өзінің үлкен лирикасымен, дастандарымен, поэмаларымен ел алдында жүр.
РКС: «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, айтыстың ардагері Құдайберлі Мырзабектің өлмес өнерімізге қосқан үлесі зор. Айтыстағы қызық оқиғалары, мақамынан жаңылмаған шабытты шақтарының түрлі қызықтарының өзі бір төбе. Ұлттық өнерге сіңіріп келе жатқан еңбегі ауыз толтырып айтарлықтай.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ