ДИКТОР: Тың қақпасы Атбасар ауданында 800-ге жуық ардагерлер тұрады. Олардың басым бөлігі тың көтерілген жылдары кешегі Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген жалынды жастар болатын. Олар қазір 90-ға таянған қазыналы қариялар қатарында.
РСК: Халықаралық қарттар айлығы қарсаңында аудандық әкімдікпен бірлесе отырып, осынау маңызды шараны өткізу жөніндегі кешенді жоспар жасалды. Ауданның барлық ауылдық округтерінде ардагерлердің тізімі жасалып, оларға жасалатын сый-сыяпаттың көлемі бекітілді.
СНХ: САБЫРЖАН МҰСАБЕКОВ АТБАСАР АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Еңбек ардагерлері қазыналы қарттарымыз қашанда қоғамның қозғаушы күші. Тыңмен бірге түлеген Атбасар ауданында өкінішке орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері жоқ. Ауыл шаруашылығы өндіріс пен білім, мәдениет саласында еңбек еткен аға буын өкілдері кейінгі жастардың құрметіне бөленуде. Біз оларды қарттар айлығы ғана емес, әруақытта қамқорлыққа бөлейміз. Елді мекенде тұрып, өз шаруашылығын ұстайтын қарттарға жергілікті серіктестіктер жем-шөппен көмектеседі. Медициналық қызмет үнемі жасалады. Кезекпен демалыс орындарына жібереміз. Өзге де игілікті істер кесте бойынша жүргізіледі.
РСК: Ауданда тың көтеруге комсомолдық жолдамамамен келіп қазақ жерінде тамырын тереңге жайған қариялар аз емес. Солардың бірі 80-нің сеңгіріне келген армян ұлтының өкілі Рубик Манукян. Өзге де аға буын өкілдері кейінгі толқын жастарға үлгі болып келеді.Ардагерлер мен қарттар қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, жаңа Қазақстанның жарқын болашағына сенімді.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ.