ДИКТОР: Облыста 589 елді мекен интернетке қосылған. Олардың 330-ы желіге тіркелген кең жолақты қолжетімділікке ие. Өңірдегі коммуникация сапасын арттыру үшін жол картасы әзірленді. Жоспар жауапты министрлікпен келісіліп, алдағы үш жылда жүзеге асырылатын болады. Облыстық цифрландыру және мұрағаттар басқармасы тағы қандай жұмыстарды атқарып жатыр? Келесі материалда толығырақ.

РКС: Облыстағы елді мекендердің 98 проценттен астамы ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз етілген. Ұсынылған мобильді интернеттің сапасы бірте-бірте жақсарып келеді. Мысалы, Көкшетауда 5G 56 базалық станциясын орнату жоспарлануда. Бүгінгі таңда 11 нысан бойынша жұмыстар аяқталды. Тағы 3-еуі жыл соңына дейін дайын болады. Щучье-Бурабай курортты аймағы да жоғары сапалы ұялы байланыс және мобильді интернетпен қамтамасыз етілген.

СНХ: НҰРБОЛ ӨТЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МҰРАҒАТТАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Дәл қазіргі таңда келісілген 4 орында, атап айтқанда Абылай хан алаңында, «Жезказганец» балалар санаторийі, «Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық паркі және Жүкей ауылының «Ақ-жол» туристік қонақ үйі аумағында, осы Антенна матчталық құрылғылар фундаменттері құйылды. Жұмыстар жыл аяғына дейін жалғасатын болады. Сондай-ақ, Ұлттық Жобаға сәйкес республикалық жолдар бойында 3 антенна–діңгек құрылыстарының құрылысы жүргізілетін болады. Олар Ақкөл, Жақсы, және Ерейментау қалаларында.

РКС: Білім беру ұйымдары да интернетпен қамтамасыз етілген. Starlink абоненттік терминалдарының 264 жиынтығы орнатылды. Балалардың қауіпсіздігін арттыру үшін облыс мектептерінде 1000 бейнебақылау камерасы орнатылған. Облыстың мемлекеттік мұрағаттарына келетін болсақ, 71 мыңға жуық құжат цифрлық форматқа көшірілді. 19-ғасырдың бірегей картасы қалпына келтірілуде.

РКC: «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1 шілдеден бастап облыста арнайы портал іске қосылды. Telegram боты арқылы ақмолалықтар абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және экология саласындағы мәселелерді шешуге жүзден аса өтініш берді. Smart Aqmola мекемесінің базасында «iKОmek-109» бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. 1 қаңтардан бері қызметке 20 мыңнан аса қоңырау түскен.

СНХ: ГҮЛІМ БЕГАЛИНА, «SMART AQMOLA» ЖЕТЕКШІСІ: Біздің операторларға негізгі жүктеме маусымдық кезеңге түседі. Бұл қаңтар, ақпан, желтоқсан - жолдардың жабылуы, балалардың мектепке баруы үшін температуралық жағдайлар. Және көктемгі кезең. Көшелерді жарықтандыруға өтініштер көптеп түсуде. Үзілістер бар, мердігерлердің жұмысы ақсап тұр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз.

РКС: Облыста «Aqmola IT Hub» аймақтық технопаркі жұмыс істеп жатқанына тура бір жыл болды. Оның негізінде 4 жеке IT мектеп ашылды, 80-нен аса іс-шара өткізілді, оған 2500-ден аса адам қатысқан.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.