ДИКТОР: Көкшетауда жеке футбол мектептері мен академияның жасөспірімдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Бұл «Жеке клубтар футбол лигасы» мен қазақстандық футбол федерациясының бірлескен жобасы аясында ұйымдастырылып отырған сайыс.

РКС: Республикалық чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 70-ке жуық жасөспірімдер командасы қатысуда. Олар бұған дейін аудандық, облыстық жарымтарда іріктеуден өткен. Турнирде балалар бес жас санаты бойынша, яғни 2007-2008, 2009, 2010, 2011 және 2012-2013 жылы туғандар арасында бақ сынасуда.

СНХ: АМАНБОЛ АМАНГЕЛДІ, ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫ (АТЫРАУ):

СНХ: ЕРБОЛ МЕЙРАМБАЙ, «SPARTANS» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ (АСТАНА):

РКС: Өз жас санаты бойынша үздік команда атағына 1400-дей балғын спортшы таласуда. Жарысты ұйымдастыруға «Ауыл» партиясы жастар қанатының 50-ге тарта волонтері жұмылдырылған.

СНХ: ДӘУРЕН РАХЫМБЕК, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

СНХ: АЛЕКСАНДР ГОРДА, ЧЕМПИОНАТТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: ЧБұл сайыстың балғындар үшін маңызы қандай? Ең алдымен футболшы ретінде өзін көрсетуіне мүмкіндік бермек. Әр қалада, осында да футбол клубтары бар, олардың жетекшілері жастарды көріп, ішінен мықтыларын іріктеп алады. Чемпионат аяқталған соң үздіктері кәсіби футбол клубтарының екінші құрамына қабылдануы мүмкін.

РКС: Финалдық ойын қазанның 5-інде өтеді. Жеңімпаздар медальдармен және кубоктармен марапатталады.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ