ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов Көкшетауда салынып жатқан бірқатар нысанның құрылысымен танысты. Соның бірі - облыс орталығындағы Вернадский және Әшімов көшелерінің қиылысы. Жақын арада бұл жерде 15,30 және 45 пәтерлі 4 көпқабатты баспана ел игілігіне берілмек. Олар әлеуметтік осал топтың санатына жататындар мен кезекте тұрған отбасыларға беріледі деп жоспарланып отыр.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Көктемгі су тасқыны кезінде Вернадский көшесінің бойында тұрған жер үйлерді су басқан еді. Қазіргі уақытта кәсіпкер жеке қаражатына 5 қабатты 4 тұрғын үй салуда.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Одан соң аймақ басшысы Марат Ахметжанов шаһардың ортасымен өтетін Қылшақты өзенінде жүріп жатқан тазалау жұмыстарының барысымен танысты. Түбі таяз тартқан Қылшақты өзенін тазартуға 400 млн.теңге бөлінген. Су айдынын қоқыс пен қамыстан тазарту 11-ші тамызда басталған еді. Содан бері өзеннің 3 шақырымға жуығы тазаланып, 2 метрге тереңдетілді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ал, бұл азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің жатақханасы. Оқу орнында 2 мыңнан астам студент білім алуда. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтары жылы" деп жариялаған еді. Дәл осы жылы 450 орынға арналған жатақхана қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, колледждің жаңа бір оқу ғимараты бой көтермек. Осылайша, жұмысшы мамандықтарын дәріптеп, қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттамақ ниетте.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Сонымен қатар, аймақ басшысы Марат Ахметжанов Сарыарқа шағын ауданында 1500 орынға арналған қос мектептің құрылыс барысымен танысты. Олар "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бой көтеруде. Екеуі де жыл соңында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Мердігерлермен кездесу барысында аймақ басшысы бірнеше олқылықтың бар екенін анықтады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Өңір басшысы Марат Ахметжанов мәселелерді дер кезінде шешіп, нысандарды уақытынан кешіктірмей тапсыру қажеттігін қатаң ескертті.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ