ДИКТОР: Өткен жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті оқу орнының зертханалары мен кабинеттерін жарақтандыруға 200 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған. Бұл соманың тең жартысы медициналық жабдықтар сатып алуға бағытталды. Жоғары оқу орнының ректоры Марат Сырлыбаев атқарылған жұмыс пен жетістіктері туралы есеп берді. Сонымен бірге биылғы оқу жылы атқарылар міндеттерді айқындап, шешіліп жатқан мәселелерге тоқталды.
РКС: Сапалы білім – жоғары оқу орнының басым бағытының бірі. Білім беру бағдарламалары еңбек нарығындағы өзекті талаптарды есепке ала отырып дайындалған. Бұдан бөлек, ғылымдағы жаңа құбылыстар да назарға алынады. Ол үшін ең алдымен халықаралық ынтымақтастыққа екпін түсіріледі.
СНХ: АЙГҮЛ ЖАҚЫПОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Біз үшін өткен жыл жемісті болды. Шетелдік ғалымдармен бірлескен жастар ғылымы жаңа жобалардың жылы болды десем артық айтқандық емес. Былтыр біз алғаш рет зерттеулер бойынша «Шақырылған шетелдік профессор» жобасына қатыстық. 10 ученых к нам приехали из Сербиядан, Хорватиядан, Америкадан, Италиядан, Болгариядан 10 ғалым келді. Біздің ғалымдармен бірге 20 адам бір команда жасақталды. Олар аймақтағы аграрлық бағыттағы мәселелерді шешеді.
РКС: Жоғары оқу орны аймақтағы бизнеспен және әлеуметтік нысандармен тығыз ынтымақтастықта. Жергілікті тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұдан өзге университет мемлекеттік бағдарламаларға да қатысады. Қазақстанның әр түкпірінен білім іздеп келген студенттерге қашан да есігі ашық.
СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Бүгін Шоқан Уалиханов университетінде ректоры өзінің есебімен былтырғы жылы бойынша баяндама жасады. Ерекше айтқым келеді біздің студенттердің 11 студенті Президенттің стипендиясының иегері болды. Және университеті 619 студенттер Серпін бағдарламасы оқуда. Ол екі есе үлкен былтырғы жылмен салыстырғанда. Және тағы да айтатын университет студенттер үшін барлық жағдай жасап отыр. Олар үшін әртүрлі спорттық секциялар ашылуды, және творчестволық үйірмелер ашылуда. Жатақханада оларға барлық орындар қамтамасыз етілген.
РКС: Студенттердің өзін-өзі дамытуы мен тұлғалық жүзеге асыруы үшін мүмкіндіктер зор. Жуыр арада 500 орындық жаңа 2 жатақхана қолданысқа берілмек. Былтыр оқулықтар мен оқулық құралдар енгізілген мультимедиялық электронды кітапхана сатып алынды.
СНХ: МАРАТ СЫРЛЫБАЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: Ағымдағы жай-күйге жүргізілген талдау назар аудару қажет кейбір мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді. Біріншісі - тартымды, үнемді бағдарламаларды әзірлеу. Екіншісі - ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру. Үшіншісі - қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламаларының әлсіз іске асырылуы. Құрметті әріптестер мен білім алушылар, былтыр оқу сапасын арттыру және университеттің әлеуметтік мәдени ортасын қалыптастыру, оқу ыңғайлылығын арттыру үшін көп жұмыс жасадық. Біздің командаға кез-келген міндеттер жүктелетініне сенімдімін және біз тек алға жылжитын боламыз.
РКС: Жаңа оқу жылында кәсіби стандарттардың негізінде білім беру бағдарламаларын жандандыруды басым міндеттер ретінде айқындау ұсынылды. Бұдан бөлек, академиялық және ғылыми қызметте жасанды интеллекті қолдануды енгізу жоспарланып отыр.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ