ДИКТОР: Кәсіподақ- еңбек адамдарының құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғау, оның лайықты тұрмыс сапасы мен жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды қоғамдық институттың бірі. Осыған орай облыстың кәсіподақ ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстары қандай? Брифингке қатысып қайтақан тілші материалына назар салайық.
РКС: Облыстық кәсіподақтар бірлестігіне аймақтағы экономиканың әр саласын қамтитын салалық және жергілікті 11 кәсіподақ ұйымы қарайды. Олар осы ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, еңбек адамдарының жағдайын жасап отыр. Бірлестікте 1300-ге жуық бастауыш және 10 ірі кәсіподақ ұйымы бар. 75 мыңға жуық еңбек адамы мүше. Кәсіподақтар федерациясы мен оның өңірлік мүшелік ұйымдарының алдындағы басты міндет – 2030-шы жылға дейін «Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын» іске асыру, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау.
СНХ:ҚАЛИ РАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ОРАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Өкінішке орай, биыл облыста өндірістік 38 жазатайым оқиға тіркеліп, салдарынан 40 адам зардап шеккен, оның 9-ы өліммен аяқталған Жазатайым оқиғаның ең көбі ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында тіркелген. Кәсіподақ ұйымы бар өндірістерде жазатайым оқиғалардың мән-жайын тергеу және зардап шеккен жұмысшы мен оның отбасына көмек көрсетіледі. Тәжірибе көрсеткеніндей, кәсіподақтар жұмыс істейтін кәсіпорындарда жұмысшылардың мүдделері мен құқықтары сақталады. Ал еңбек даулары тез шешіліп, әлеуметтік жағынан зиян келтірмейді.
РКС: Сондай-ақ кәсіподақтар федерациясы 2025 жылды гендерлік теңдік жылы деп жариялауды ұсынып отыр. Бұл еңбек саласындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің бастапқы нүктесі болуы тиіс.
СНХ:ҚАЛИ РАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ОРАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Сәуірде Қазақстанның еңбек әйелдерінің алғашқы форумы өтті. Ауқымды іс-шара мемлекеттің гендерлік саясатын жетілдіру, әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлін нығайту, оларды өзін-өзі жүзеге асыру және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау үшін мүмкіндіктер жасау, сондай-ақ әйелдер үшін лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша тиімді шешімдерді талқылау және әзірлеу алаңына айналды. Форум алаңында барлық деңгейдегі кәсіподақ көшбасшылары, соның ішінде біздің облыс өкілдері жиналды.
РКС: Айта кетейік, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 112 – ші сессиясының аясында 2024 жылы "Қауіпсіз еңбек", "Әлеуметтік диалог", "Ең төменгі жалақы", "Әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау", "Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жою"бойынша бірлескен іс-қимылдарының Жол картасына қол қойылды. Сондай-ақ ұжымдық еңбек дауларын шешу туралы заңнаманы жетілдіру, Конвенцияға сәйкес кәсіподақтар туралы заңнаманы үйлестіруге қатысты бірқатар шаралар жоспарланған.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ