ДИКТОР: «Ұстаз» сөзінің астарында терең білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатыр. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейтіні де мәлім. Бірақ осы қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты таңдап, ағарту саласында көп жыл еңбек етіп келе жатқан ұстаздар да бар. Рыспамбетовтердің династиясы – Ақмола облысының педагогика саласында 4 ұрпаққа дейін жалғасып, қызмет етіп келе жатқан ұстаздар бірлестігі. Династияның жалпы еңбек өтілі 220 жыл.

РКС: Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. «Еңбек — ырыстың бұлағы, еңбек — бақыттың шырағы» деген қанатты сөз Рыспамбетовтардың династиясының негізгі ұранына айналып отыр. Ұстаздар әулетінің жалпы еңбек өтілі 220 жылды құрайды. Династияда 7 педагог еңбек етуде. Орыс тілі, химия, информатика,математика,география,қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері бар. Ұстаздар династиясының орташа жасы – 45 жас. Ең тәжірибелі ұстаздың еңбек өтілі жарты ғасыр болса, ең жасы әулеттің немересі Әсетке 11 жыл. Ұстаздар династиясының негізін қалаушы Жекен Рыспамбетұлы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі. Жарты ғасырға жуық педагогика саласында еңбек еткен. Отағасы өмірден озған. Оның ізін жалғаушылар 4 ұрпаққа дейін жалғасып келеді.

СНХ: АМАНГЕЛДІ РЫСПАМБЕТОВ, АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Осы әулеттің бастамасы болған біздің әкеміз Рыспамбет Жекен Рыспамбетұлы. Ол кісі 1948 жылы Алматы қаласындағы қазақ педагогикалық институтын бітіріп, қазіргі Зеренді ауданы Қызылсая орта мектебрта мектебне математика, физика,астрономия пәні мұғалімі болып тағайындалды. Ол кісі 1957 жылы қазақ КСР-інің ағарту ісінің үздігі атанды. 1961 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі атанды.

РКС: Адам баласы ұрпағымен бақытты. Адал қызмет етіп, шәкірттерінің сүйікті ұстаздарына айналған династия орташа есеппен 10 мыңнан астам оқушының тәрбиесіне үлес қосқан. Олар қазір түрлі мамандық иесі, өз кәсіптерінің шеберлері. Олар бүгінде жүздеген отбасын құрып, мыңдаған баланың ата-анасы атанып отыр. Бұл – ұстаздық кәсіптің басты жемісі.

СНХ: АМАНГЕЛДІ РЫСПАМБЕТОВ, АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Әкеміздің балалары әпкем Әлия, қарындасым Ботагөз мен өзім ұстаз болып, мұғалімдік жолын жалғастырдық. Оқушыларым әскери Академия, әскери институттарды бітіріп, жоғары лауазымда әскери бөлімшелерді басқарып жатыр. Сондай жетістіктерге жеттік.

РКС:.Бүгінде ұлғатты ұстаз әулеті тамырын тереңге жайып, жайқалуда. Мұғалімдік қызметте еңбек етіп жүрген әулеттің жасы Әсет тоғызқұмалақ ойынынан Қазақстан Республикасының ең алғашқы спорт шебері екенін де айта кету керек. Жуырда өткен облыстық байқауда тоғызқұмалақ ойынынан бас жүлдеге ие болды. Математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық «Зерек» ұстаздар байқауының былтырғы жылғы жүлдегері. Әулетке келін болып түскеніне 40 жылға жақын уақыт аралығында келіндік міндетпен бірге ұстаздықты қатар алып жүрген Светлана Рыспамбетова да өзінің жүрек тебірентер лебізімен бөлісті.

СНХ: СВЕТЛАНА РЫСПАМБЕТОВА, ӘУЛЕТТІҢ КЕЛІНІ, ҰСТАЗ: Мен ең қиын кезде мектепке мұғалім болып келдім. Негізінде менің бірінші мамандығым медициналық мамандық болатын. Мектепте мұғалімдер химия пәнінен жетпей жатқанын көріп, оқуға түсіп, Қостанайдағы А.Байтұрсынов атындағы университетті химия пәні бойынша бітіріп, сонымен жұмыс жасап келдім.70 жасқа дейін жұмыс жасадым. 22 жылдай педагогикалық стажым бар. Ал қалған стажым медициналық стажыға жатады. Сондықтан мен өзім осы ұяға түсіп, келін болғаныма қуаныштымын. Себебі біз бәрімізде ортақ бір мақсат болды, бәріміз де мұғалімбіз,бәріміз де бала тәрбиелеп отырмыз.

СНХ: ӘСЕТ РЫСПАМБЕТОВ, МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Әртүрлі жобаларға қатыстым, олимпиадаларға қатыстым. Оқушыларымда олимпиадаларға қатысып орындар алып жүр қазір. Жалпы сол ғылым жолында көптеген еңбектер жасадық. Сол былтыр облыстық олимпиадасында, республикалық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болдым. Математика пәнімен қоса мен тоғызқұмалақ ойынын ойнаймын. Бұл қазақтық ұлттық ойыны. Бұл тоғызқұмалақ ойыны математикамен тікелей байланысты болғандықтан мен таңдадым оны.

РКС: Ұрпақ тәрбиесі жолында аянбай еткен еңбегінің арқасында шәкірттеріне де абыройлы жан. Тәрбиеленушілеріне білім мен тәрбиені сіңіріп, болашақтарына бағдар беріп, жол сілтеген. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей отбасынан бойына қалыптасқан құнды тәрбиені қазір өз шәкірттеріне талмай беріп келе жатқан ұстазы туралы шәкірттерінің де өз айтары бар.

СНХ: АЙАРУ МЫРЗАБАЕВА, №21 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен өскенде математика пәнінен мұғалім болғым келеді. Себебі осы мамандық маған ерекше болып көрінеді. Әсет Амангельдинович сабақты ерекше етіп береді. Мен осы сабақтарды,тақырыптарды ұғып аламын.

СНХ: АЯГҮЛ ТАЛАС, №21 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Біз бүгін натурал сандарды жіктеуді өттік.. Мен өскенде математика пәні мұғалімі болғым келеді. Ол маған ерекше ұнайды. Ағайдың түсіндіргені ерекше.

РКС: Ұстаздық – мәңгілік кәсіп, біртұтас тәрбие мен білім жолындағы мемелекеттің басты идеясын орындауға бірден бір әсері бар мамандық. Сондықтан,– Рыспамбетовтар ұстаздар династиясы мәңгілік мамандықпен мәңгілік елдің қалыптасуы жолында талмай еңбек етуге дайын. «Отан – отбасынан басталады» дегенді ұстаным еткен әулетте атадан балаға беріліп келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлер сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Өйткені, осындай тәрбие арқылы ұрпақты адамгершілікке, отбасы алдындағы жауапкершілікке, рухани байлыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікке баулуды әулет әрдайым бірінші кезекке қояды.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ,БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ