ДИКТОР: Көкшетауда облыстық ардагерлер Кеңесінің сегізінші пленумы өтті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясындағы ақсақалдардың міндеттері туралы мәселе талқыланды.
РКС: Пленумда биылғы Жолдау «Әділетті Қазақстанды» қамтамасыз етуге негізделген реформаларды іске асыруды көздейтінін атап өтілді. Халыққа атом электр станциясын салу туралы берілген таңдау және республикалық референдум өткізу бастамасы әділдік пен ашықтыққа негізделген «Жаңа Қазақстанның» тұлғасын көрсетеді. Жиналғандар облыстық ардагерлер кеңесінің жұмысын жақсарту мәселесін қарастырып, талқылады. Сондай-ақ, «Белсенді ұзақ өмір сүру» ұлттық жобасының міндеттерін іске асыру үшін тиісті қаражат бөлінбейтіні атап өтілді. Көктемдегі су тасқынының салдарымен күресу бойынша атқарылған жұмыстардың оң тұстары айтылды.
СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ең бірінші болып республикадағы барлық су тасқынынан үйлерінің адамдарды қамтамасыз етілді. Оған өздеріңіз куәсіздер. Атбасар қаласында екі жүз пәтерлі үйдің кілтін тапсырған кезде біз сонда болдық.
РКС: Сондай-ақ, ардагерлер зейнет жасындағыларға медициналық қызмет көрсетудегі кейбір мәселелерді алға тартты. Емдеу мекемелеріне келген науқастардың көп болуына байланысты зейнеткерлер кезекті ұзақ күтуге мәжбүр. Айта кету керек, бұрын Көкшетауда ардагерлер үшін арнайы емхана жұмыс істеген, бүгіндері ол жоқ. Сонымен қатар, егде жастағы азаматтар үшін шипажай-курорттық емдеуге арналған жолдамаларға жеңілдіктер де қарастырылмайды. .
СНХ: АЙЖАН МАНАНБАЕВА, АҚКӨЛ АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Шшипажай-курорттық жолдамалар бойынша жеңілдікті тек Астанадағылар ғана алады. Біздің облыста ондай жоқ. Жалпы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті екі мәселеге өте жақсы көңіл бөлетінін айтамын. Бұл халықтың әлеуметтік-осал топтары мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған. Сурдотехника және арбалармен қамтылады. Олардың көптеген мәселесі шешіледі. Ал қарапайым зейнеткерлер шетте қалып қояды.
РКС: «Белсенді ұзақ өмір сүру» ұлттық жобасы гериатриялық кабинеттер ашуды көздейді. Бірақ олар облыстың медициналық мекемелерінде әлі күнге дейін жоқ. Сондай-ақ, Төралқа мүшелері зейнеткерлерге қоғамдық көлікте тегін жүру үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыруын арттыру қажеттігі туралы ұсыныс жасады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.