ДИКТОР: Атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық штаб мүшелері Бурабай ауданына барды. Онда зауыт ұжымы және бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, сұрақ-жауап диалог форматында өтті. Қазақстандағы өндірістің дамуына атом энергетикасының әсері туралы тақырып жиналғандардың қызығушылығын тудырды.
РЗК: Штаб мүшелерінің жұмыс сапары «Азиякотломаш» серіктестігі ұжымымен кездесуден басталды. Сарапшылардың пікірінше егер осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанда электр энергиясы жеткілікті болып, тіпті оны экспортқа да шығардық. Қазіргі уақытта тапшылық бар. Дүние жүзінде энергияның балама көздерге көшуі және газ бен көмірді пайдаланудан бас тартуды ескере отырып, елге атом электр станциясы бола алатын тұрақты электр энергиясының ресурсы қажет.
СНХ: СЕРГЕЙ АГАФОНОВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭНЕРГО ҮНЕМДЕУ ҰЙЫМЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бізде энерго тапшылығы бар. Сол себепті өз өнеркәсібімізді қалыпты дамыта алмаймыз. Халық үшін электр қуатын импорттау қымбат болса өнеркәсіп, әсіресе тау-кен металлургия кешені сияқты энергияны көп қажет ететін салаларда тіптен көп қаражат жұмсалады. Көмірден арылу уақыт талабы. Ядролық энергия бүкіл әлемде және Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде мойындалған. Сондай-ақ оның тиімділігі 90 процентті құрайды, оны энергияның кез келген түрімен салыстыруға келмейді.
РЗК: Одан соң республикалық штаб мүшелері Бурабай өңірінен келген бизнес өкілдерімен кездесті. Олар сұрақ қойып, атом электр стансасын салудың тиімді тұстарымен танысты.
СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, АЙМАҚТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ең алдымен, өндірістегі электр қуатының тапшылығын шешу мәселесі кәсіпкерлер үшін өте өзекті. Өйткені бұл мәселені шешпей, одан әрі даму, яғни жаңа өндіріс орындарын іске қосу туралы мәселе болуы мүмкін емес. Қазақстан – шын мәнінде уран державасы. Қор мен өндіру бойынша біз үздік үштікке ендік. Сондықтан бүгінгі біздің ойымыз: республикамыз шикізаттық қосымша болып қалмай, еліміздің әл-ауқаты мен экономикасын жақсарту үшін бейбіт уран атомын байыту керек.
РЗК: Ядролық реактордың іске қосылуы Қазақстанның энергетикалық держава ретіндегі рөлін толықтырады. Атом электр станциялары бар әлем елдері жоғары технологиялық өндіріспен ерекшеленетінін атап өтті. 6 қазанда өтетін референдумда әрбір адам Қазақстанның болашағы үшін өз үлесін қосып, таңдау жасай алады.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.