ДИКТОР: Көкшетауда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкенің тағы бір ерекшелігі, Тәжікстан мемлекетінің фермерлері де өз өнімін ұсынды. Ал ақмолалық диқаншылар жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауарының 40-тан астам түрін әкелді

РКС: Жәрмеңкеде нарықтық бағадан 10-15 процент төмен өнімдер ұсынылды. Мәселен, жылқы еті 2800 теңге болса, қой еті 2600 теңгеге сатылды. Картоп бағасы 100 теңге, күнбағыс майының әр литрі 500 теңгеден саудаланса, 1-ші сортты нан бағасы 120 теңгеден болды. Көкшетау тұрғындары өнімдердің түрінің көптігі мен бағаның қолжетімділігін оң бағалады.

СНХ: РАШИДА ҚАЗБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жәрмеңке өте жақсы, көңілді өтіп жатыр. Азық-түлік өте көп. Ет өнімдері жақсы. Сапасы жақсы. Осында ет алдым, тамаша ет екен. Жәрменкені апта сайын өткізіп тұрса, өте жақсы болар еді.

РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов сөрелердегі өнімдермен танысып, мұндай шаралар тұрғындар мен ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін де өзара тиімді екенін атап өтті.

СНХ: МҰРАТ БАЛПАН, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін Көкшетау қаласында 9 ауданнан ауыл шаруашылығы өндірушілері келіп, өз азық-түліктерін сатып жатыр. Бұл жәрмеңке қарттар күніне арналған. Жалпы Ақмоланың ауыл шаруашылықтары алып келген өнімнің мөлшері 100 тоннаға жетіп тұр. Тәжікстан республикасынан да диқаншылар өз өнімдерін алып келіп отыр. Жалпы 160 мың тонна. Бағасына қарағанда, орталық базармен салыстырғанда 15-20 процентке төмендеу болады. Ең көп сұранысқа ет өнімдері, сұйық май, сүт өнімдері жатады. Халық риза болып отыр, көңіл-күйлері жақсы. Келесі жәрменке қазан айының 12-сі күні өткіземіз. Қазанның 29-ы күні Астанада да үлкен бір жәрменке болады, соған да дайындалып отырмыз.

СНХ: ИФТИХОР ШОКИРОВ, "ТӘЖАГРОПРОМЭКСПОРТ" КӘСІПОРНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз ауыл шаруашылығы өнімдерінің 30-дан астам түрін әкелдік. Оның жалпы көлемі шамамен 400 тонна. Біздің ең маңызды міндетіміз – өте жақсы, сапалы және қол жетімді тауар ұсыну.

РКС: Айта кетейік, дәл осындай жәрмеңке қазанның 12-сінде тағы да Көкшетауда өтеді. Астанада қазанның 27-сі Ақмола облысының жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АКПАРАТ.