ДИКТОР: Өткен демалыс күндері облыс орталығында қоян-қолтық ұрыстан Төтенше жағдайлар министрінің бірінші кубогы өтті. Жарысқа 25 команда жасақталып, 400-ден астам адам қатысты. Бұл турнир Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен «BATYR TEAM» спорт клубы аясында өткізіліп, Құтқарушылар күніне орайластырылды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ашылу салтанатында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов құттықтау сөз сөйлеп, бұл турнир азаматтық қорғау қызметкерлері арасында спортты дамытудың алғашқы қадамы екенін атап өтті. Жарысты ұйымдастырудағы негізгі мақсат - Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамасына іріктеу, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысу.
СНХ: ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Біздің министрлікте жақында «BATYR TEAM» клубы құрылды, ол спорттың көптеген бағыттарын біріктірді. Бірақ біз күштік органы болғандықтан, қоян-қолтық ұрыс сияқты пәндерді дамыту өте маңызды. Сондықтан елімізде болып жатқан төтенше жағдайлар министрінің алғашқы кубогын өткізу туралы шешім қабылданды. Баршаңызға жарқын, әсерлі жекпе-жектер, жеңістер, төрешіліктің әділ болуын тілеймін.
РКС: Жарысқа қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірінен салалық ведомство өкілдері келді. Айта кету керек, қатысушылардың көпшілігі қазірдің өзінде титулдық спортшылар болып, бұл турнирдің деңгейін растайды. Олардың ішінде халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері де бар.
СНХ: ДАНИЯЛ ШАЙМЕРДЕН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ: Бұл жарыс түрімен 10 жылдан астам айналысамын. Бүгін Көкшетауда өтіп жатқан жарыс өте үлкен деңгейде өтіп жатыр. Әлемдік деңгейде деп айтсам болады. Себебі әр облыстан, әр жерден спорт шеберіне үміткер, спорт шеберлері келіп қатысып отыр. Бұл жарыста жүлделі орын алуға келдім. Әрі қарай осы спорт түрін дамытып, Қазақстанның құрамына еніп, Қазақстанның туын әлемге көрсетсем деп ойлаймын.
СНХ: САҒЫНЫШ АСЫЛБЕКОВА, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ (АСТАНА ҚАЛАСЫ): Осы спорпен айналысып жатқаныма 7 жыл болды. Осы 7 жыл ішінде спорт шебері атағын алдым. Осы жарысқа қатысқаныма қуаныштымын. Осындай жарысты ұйымдастырғаны үшін министрге өте үлкен рахметімді айтамын. Осы жарысқа көп дайындалдым. Бірнеше сборларға бардым. Көп тер төктім деп айтуға болады. Алланың қалауымен 1-ші орын алып тұрмын.
РКС: 25 команданың 400-ден астам спортшысы 2 күн ішінде үздік жауынгер атағы үшін күресті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша ерлер арасында 8 салмақ дәрежесінде және әйелдер арасында 6 салмақ дәрежесінде 14 мықты спортшы анықталды. Жалпыкомандалық есепте Төтенше жағдайлар министрінің қоян-қолтық ұрыстан 1-ші кубогын Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті, екінші орынды Алматы құрамасы, ал Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті үшінші орынды еншіледі.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.