ДИКТОР: Көкшетау қаласында «Әділетті, таза және қауіпсіз Қазақстан» тақырыбында «Jas REPUBLIC CUP» ұлттық пікірсайыс турнирі өтті. Аймақтық іріктеу турниріне 10 команда қатысты. Айта кетейік, ұлттық пікірсайыс турнирі еліміздің барлық аймақтарында ұйымдастырылды.
РКС: Өскелең ұрпақтың зияткерлік қабілеттерін ашу. Сонымен қатар оларды тапқырлық пен шешендік өнерге баулу. Турнирдің көздеген мақсаты осындай. Жастар-еліміздің болашағы, сондай-ақ қоғамның қозғаушы күші. Іріктеу турнирінде оқушылар Қазақстандағы өзекті мәселелерді шешудің жолдарын ұсынады.
СНХ: ГҮЛЖАН ӘМІРБЕК, ТӨРЕШІ: Бұл оқушылардың жалпы сыни ойлау қабілетін арттыру үшін өте үлкен керекті ойындардың бірі. Сол себепті біз дүниежүзілік форматты алу арқылы осы турнирді ұйымдастырып жатырмыз. Бұл жерде ойнатылатын тақырыптардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігіне және олардың деңгейлеріне анықталып сай жасалған. Бұл турнирде мықтылардың мықтысы өтіп, келесі республикалық деңгейде ойын көрсететін болады. .
СНХ: АЛМАТ ТҮКМАҒАНБЕТОВ, "RESPUBLICA" ПАРТИЯСЫ" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл пікірсайыс турнирі бүкіл Қазақстан бойынша бүгін өңірлерде өтіп, Республика күніне орай қазан айында республикалық турнир пікірсайысы өтеді. Осы бастаманың ең негізгі мақсаты ол өз болашақ ұрпағымызды білімге баулу, Отансүйгіштік қабілеттерін арттыру.
РКС: Өңірдің ұшқыр ойлы, білімді жастары жақсы дайындықпен келген. Қазір білім ошақтарында дебат клубтары белсенді түрде жұмыс істейді. Оқушылардың зияткерлік және коммуникативтік дағдыларын дамытуға зор үлес қосып жүр. Сандықтау ауданынан іріктеу турниріне келген Арина Ким пікірсайыстарға жиі қатысады. Оның пікірінше, жастар арасында әлі де болса бұл ойынды жандандыра түсу керек.
СНХ: АРИНА КИМ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Ауданда өтетін пікірталастардың ешқайсысынан қалмаймыз. Жалпы мектептік пікірсайыстар да бар. Түрлі тақырыпты талдаймыз. Бір ай бойы дайындалдық. Соңғы аптада осы турнирде талқылайтын тақырыптарды зерделедік.
РКС: Іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша 1-ші орынды қазақ лигасында Назарбаев зияткерлік мектебінің командасы жеңіп алса, орыс тіліндегі лигада Красный Яр ауылындағы №1 мектебінің командасы үздік шықты. Жеңімпаздар қазан айында республикалық ұлттық турнирде Ақмола облысының намысын қорғайды.
САБИНА ЖАМШИТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ