ДИКТОР: Бүгін әділет органдарының қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл біздің еліміздегі заңдардың сақталуына жауап беретін атқарушы билік өкілдері. Олар барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтардың заң шеңберінде әрекет етуін қамтамасыз етеді. Олардың міндеті-халықтың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
РКС: Әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын іске асыру. Бұл жұмысты облыстық Әділет департаментінің қызметкерлерімен қатар 327 адвокат, 141 нотариус, 246 жеке практикамен айналысатын заңгер, 85 жеке сот орындаушысы жүзеге асырады.
СНХ: ГҮЛМИРА САҒАДИЕВА - ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүкіл Қазақстан республикасының әділет органдарының қызметкерлерін шын жүректен осы кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Жұмысқа сәттілік тілеймін! Елімізге бейбітшілік тілеймін! Біз халыққа кәсіби заң көмегін көрсетеміз.
РСК: Тәуелсіздік жылдары әділет органдарының функциялары үнемі жетілдіріліп отырды. Қазақстан заңнамасына барлық өзгерістер мен толықтырулар ойластырылып енгізілді және көптеген тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге, қағаз құжаттарын барынша азайтуға және ел дамуының түрлі салаларындағы бюрократиялық кедергілерді қысқартуға бағытталды. Мысалы, барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды, бірқатар мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылды және оларды көрсетудің рұқсат беру тәртібінен хабарлама жасау тәртібіне көшті.
СНХ: МЕДЕТ ЕДРІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Барлық әріптестер мен ардагерлерді осы айтулы күнмен құттықтаймын. Еңбекте табыс және мемлекетімізге өркендеу тілеймін. Біздің қызмет азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Қазақстанның өркендеуіне үлес қосамыз.
РСК: Зияткерлік меншік құқығын қорғау да маңызды. Шынында да, мемлекеттің әлемдік аренадағы беделі мен рейтингі осы жұмысты дамыту үшін жағдайдың қалай жасалғанына және қорғаныс институттарының тиімді болуына тікелей байланысты.
СНХ: САМАТ САЙДАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Әріптестерім, әділет департаментінен заңгерлерді, адвокаттарды, нотариустарды біздің кәсіби мерекемізбен жеке құттықтағым келеді. Сәттілік тілеймін! Алдағы, мақсат,міндеттерінің іске асуын тілеймін! Әрине, Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес географиялық көрсеткіштерді тіркеуге көмек көрсетілетінін хабарлаймыз. Бұл географиялық көрсеткіш кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге жеткізілетін өз өнімдерін олардың шын мәнінде қазақстандық екенін көрсетуге мүмкіндік береді.
РКС: Сот актілерін орындау-әділет органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Алимент, мемлекеттік кіріс, үйден шығару, белгілі бір мүлікті алып қою, кәмелетке толмаған балаларға қатысты істер және өзге де атқарушылық іс жүргізудің әлеуметтік маңызды санаттарын орындау заңды және психологиялық тұрғыдан күрделі. Ол тек бейіндік заңмен реттелетін тәсілді талап етеді.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.