ДИКТОР: Республикалық халықтық штабының мүшелері Қазақстанда атом электр станциясын салу жөнінде облыс тұрғындарымен кездесулерін жалғастыруда. Кезекті сапар «Новопэк» серіктестігінде өтті. Бұдан бөлек, штаб мүшелері зауыт ұжымымен, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен, өрт сөндіру бөлімінің ардагерлерімен және ұжымымен кездесті. Жиынға Мәжіліс депутаттары Павел Казанцев, Айна Мүсірәлімова, энергетика саласының мамандары Тимур Жантикинмен Николай Радостовец қатысты.
РКС: Кездесулерде халықтық штабтың мүшелері атом электр станциясын салудың басты қажеттілігі - электр энергиясының тапшылығын шешеді деген ой айтты. Сарапшылардың пікірінше, 2030 жылға қарай мемлекеттегі қуат тапшылығы сағатына 13 млрд. киловаттан асуы мүмкін. Бұл жағдайда Қазақстан электр энергиясын көрші елдерден қымбат бағамен сатып алуға мәжбүр болады. Сондықтан атом электр станцияларын салудың маңыздылығы зор. Павел Казанцев еліміздің осы бағытта жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті.
СНХ: ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Қазақстандықтардың Ақтаудағы Маңғыстау атом энергетикалық комбинатын пайдаланғанына 20 жыл толғанын жақсы түсінуі керек. Суды тұщыландырған, электр қуатын, жылуды беретін ең қуатты бірінші буын атом станциясы. 1999 жылы өз ресурсын толық пайдаланып болғандықтан біз оны жауып тастадық. Қалдықтар болды ма? Болды. Қандай да бір оқиғалар болды ма? Жоқ. Бізде 3 реактор жұмыс істейді. Оның екеуі Шығыс Қазақстан аумағында Курчатов қаласының Ұлттық ядролық орталығында және Семей қаласында орналасқан,үшіншісі Алматыда жұмыс істеп тұр. Олар радиоактивті қалдықтардың аз мөлшерін шығарады және олар капсулаланады, көміледі. Оның қоршаған ортаға еш зияны жоқ, көмілген қалпы жата береді.
РКС: Қазір Қазақстанның атом өнеркәсібінде 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 15 мыңы негізгі өндірістік персонал. Көптеген мамандар жылдар бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан Ұлттық ядролық орталық пен ядролық физика институтында еңбек етеді.
СНХ: ЕРКІН ШАШКЕНОВ, «НОВОПЭК» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ: Қазақстандағы атом станциясын салу жөніндегі ақпараттық топтың өкілдері Қазақстанның атом электр энергиясының барлық артықшылықтарын атап, ақпараттық әңгіме өткізді. Қызметкерлеріміз көптеген сұрақтар қойды, оларға толық жауаптар берілді. Қазанның 6-сында референдум өтеді деп дайындалып жатырмыз, онда атом станциясының құрылысы туралы дауыс береміз.
РКС: Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның экологиялық мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА. ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.