ДИКТОР: Бурабайда алғаш рет әуе экскурсиялық бағыты іске қосылады. Келесі маусымнан бастап туристер курорттың бар ғажайып сұлулығын әуеден тамашалай алады. Әуе экскурсиясын облыс әкімі Марат Ахметжанов пен ауданға арнайы келген туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов сынап көрді. Бұл ерекше бастама Дүниежүзілік туризм күніне орайластырылған.
РКС: Әуе экскурсиялық бағыты үш жолаушыға шақталған шағын авиация тікұшақтарында өтеді. Ұшу қауіпсіздігін жоғары білікті авиация мүшелері қамтамасыз етеді.
СНХ: АМАНГЕЛДІ ШАҒАПОВ, ӘУЕ КЕМЕСІНІҢ КОМАНДИРІ: Бүгін бізде алғашқы туристік әуе саяхаты жоспарлануда. Туристер Бурабай бағыты бойынша үлкен, кіші Чебачье, Щучье, Бурабай көлін тамашалай алады. Қазіргі уақытта бізде 5 тікұшақ жұмыс істейді. Егер осы жоба аясында өз күшімізді арттыру қажет болса, біз оны іске асыра аламыз.
РКС: Айта кету керек, өңір басшысы мен туризм және спорт министрі осы туристік маршрутты алғашқылардың бірі болып сынап көрді. Бірден журналистермен әсерлерімен бөлісті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Сонымен қатар, курортты аймақта Дүниежүзілік туризм күніне орай ұйымдастырылған Aqmola Tourism Event салтанатты іс-шарасы өтті. Мұнда жергілікті өнімдер мен қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылып, экотуризм, мәдени және спорттық бағыттарды дамытудағы жетістіктер көрсетілді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Өңірлік кластерде 600 - ден аса кәсіпорын бар, онда 3 мыңға жуық ақмолалық жұмыс істейді. Олар туристік компаниялардың қызметкерлері, қонақ үй қызметкерлері, гидтер, экскурсоводтар, ұлттық парк қызметкерлері мен мәдениет және анимация өкілдері. Сіздердің әрқайсыларыңыздың аймақтың туризмін дамытуға қосқан үлестеріңіз айқын. Облыста туризм саласы бойынша 9%-тен аса қызмет көрсетіледі. Жыл бойына демалушылар саны 1 млн-нан асады.
РКС: Адал еңбегі және туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар ақмолалықтар "Туризм саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар қызметкер туризм және спорт министрінің Құрмет грамотасы және облыс әкімінің алғыс хаттарын иеленді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АКПАРАТ.