ДИКТОР: Әрбір жасалып жатқан істің артында үлкен аманат бар. Себебі, ел ертеңі жас¬тар болғандықтан, олардың қазіргі хал-ахуалы, тәлім-тәрбиесі, алып жатқан білімі – бәрімізге маңызды болуы тиіс. Елдің айнасы – жастар. Оларды қолдау мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығы «Өз таңдауыңды жаса» атты шара ұйымдастырды. Бүгінгі таңда жас буын өкілдерінің ел дамуына қосар үлесі зор.
РКС: Облыс орталығында әр саланы қамтыған 30-дан астам жастар бірлестігі мен ұйымы бар.Олардың мазмұны әртүрлі болғанымен бір бағытта жұмыс істейді. Аталмыш іс-шара Көкшетау қаласының жоғары оқу орындары мен колледждердің І курс студенттеріне арналған. Ұйымның осы уақытқа дейін атқарған жұмысына шолу жасалып, студенттерді жандарына жақын ұйымды таңдауға үндеу тасталды.
СНХ: АҢСАҒАН ЕСТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ «DUMAN» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАСАҒЫНЫҢ ТӘЛІМГЕРІ: «Думан» педагогикалық жасағынан келіп тұрған түрім бар. Тәлімгер болып атандым. Осы іс-шараға келгендегі ең басты мақсатым бірі ол жастарға, болашақ, келешек студенттерге, 1-курс студенттеріне жалпы біздің қаланың қызық өміріне үйлестіру және де қаланың қандай ұйымдар бар екенін көрсету, оларды бір жақсы нәрсеге талпындыру, түрлі ұйымдарға түсуіне ықпал етіп, осы іс-шараға кішкентай болсын өз үлесімді қосқаным бар.
СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл жоба аясында қазіргі уақытта жастар ұйымдары, волонтерлерлық ұйымдар қосылуда. Жыл сайын жаңадан ұйымдар қосылады. Бұл не үшін пайдалы? Жаңадан келген 1-курс студенттері қандай жұмыспен айналысатынын білмейді.Ал бұл жастар ұйымдары,өздері сахнаға шығып бір 3 минут ішінде қандай жетістікке жеткені, қандай ұйымдармен қандай жұмыстар жасайтыны барлығын түсіндіріп өздерінің таңдауын жасайды.
СНХ: АЙДАР МҮБӘРАКОВ "БИ СПОРТЫН ДАМЫТУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОДАҒЫ" ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мен «The Legacy Show» шоу ұйымынан келіп отырмын.Қазіргі таңда бұл ұйым көп тәжірибе жинақтаған. Осы ұйымнан шыққан бишілер қазіргі таңда елге белгілі хореографтар,MC диджейлер қатарында. Сонымен қатар өңірдің мәдениет, өнер, театр саларында қызмет етіп жатыр. Жылында ұйымда 500-ден 1000 адамға дейін дайындалып шығады. Нақты санды айта алмаймын,себебі ол тармақталып жалғаса береді. Біздің жастар хип-хоп мәдениетіне өз үлестерін қосып келеді.
РКС: Жастар ресурстық орталығының жоспары аясында өткізілген шара студент жастарды салауатты өмір салтын сақтауға,студенттік ортаға бейімделу мен қоғамдық белсенділікке насихаттау негізінде жоспарланған. Жалпы шараға медицина қоғамдық бірлестігі мен педагогикалық жасақтан басқа да волонтерлер орталығы, би студиялары, жастар қанаты мен әдеби ұйымның бірлестіктері қатысты. Одан бөлек пікір сайыс клубтары мен жастар қозғалыстары шарадан тыс қалған жоқ.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ КӨКШЕ АҚПАРАТ