ДИКТОР: Биыл жылу маусымына дайындыққа 39,9 милиард теңге бөлінді. Жылумен жабдықтау көздері мен желілерінің тозуы жоғары өңірлерге ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй секторына кезең-кезеңімен жылу беріле басталды.

РКС: Көкшетау қаласы бойынша жөндеуге Үкімет резервінен 3,7 милиард теңге бөлінді. Аудандық қазандықтар мен жылу желілерінде жоспарланған жұмыстар толық орындалды. Қазіргі уақытта әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй секторына жылу беру басталды.

СНХ: АҚЖОЛ ҚЫЛЫШБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Степногорск қаласы бойынша 2,7 млрд. теңге көлеміндегі Үкімет резервінің қаражаты есебінен жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда престеу жұмыстары жүргізілуде. Жылу электр орталығында және жылу желілерінде энергокешеннің 7,9 млрд.теңге көлеміндегі өз қаражаты есебінен бекітілген кестеге сәйкес негізгі жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

РКС: Сондай-ақ, Жарқайың және Есіл аудандарында жылу желілерін жөндеу аяқталу сатысында. Айта кету керек, биыл республикалық бюджеттен Щучинск және Ерейментау қалаларында жобаларды іске асыруға қаражат бөлінді.

СНХ: АҚЖОЛ ҚЫЛЫШБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: "Щучинск қаласының Ремзавод шағын ауданына жылу желілерін қайта жаңарту" жобасына осы жылы жалпы 885,5 млн.теңге, республикалық бюджеттен – 700 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 185,5 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 3,9 километр желі салынды. Бұл - жоспарланған жұмыстың 100 проценті. Щучинск қаласында Щипт көшесі бойынша бес қабатты 20 пәтерлі тұрғын үйге және аз қабатты үйлерге жылу желісін салуға 203,9 млн. теңге бөлінді, жұмыстар аяқталуға жақын.

РКС: Өзекті мәселелердің бірі – халықты көмірмен қамту. Бүгінгі таңда Қазақстан Темір Жолы серіктестігінің деректеріне сәйкес облысқа 330 мың тоннадан астам көмір әкелінді. Облыстың көмір тұйықтарында 60 мың тоннадан астам қатты отын бар. Биыл 1 тонна көмірдің орташа бағасы 17 750 теңге, - дейді сала мамандары.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРМБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.