ДИКТОР: «Думан» педагогикалық жасағы тәлімгерлердің концертін ұйымдастырды. Аталған ұйым балалар демалысы мен сауықтыру саласында өңірдегі негізгі кадр әлеуетін қамтамасыз етеді. Жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында жасақ оқу жылы бойы дәріс өткізеді. 200-ге тарта жас педагогикалық ұйымға мүше болуға ниет етіп келіпті.

РКС: «Думан» педагогикалық жасағы 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында тәлімгерлердің 10 буынын тәрбиелеп шығарды. 9 ай бойы оқу барысында тәжірибе жинақтаушылар шешендік өнер, актерлік шеберлік, алғашқы медициналық көмек, балалардың жас ерекшелік психологиясы сынды пәндерді меңгереді. Сонымен қатар ойын технологиясы, тимбилдинг, тайм-менеджмент те үйретіледі.

СНХ: ӘДІЛ ЗАГАЙДУЛЛИН, «ДУМАН» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАСАҒЫ КӨКШЕТАУ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 10 жыл бойы біздің педагогикалық ұйым балалармен жұмыс істеуге құлықты жастарды тәрбиелеп келеді. Олар кейін білімдерін шыңдаған соң балалардың сауықтыру лагерьлерінде балалармен жұмыс істейді. Отрядқа келген әр жасты үйрету біздің басты мақсатымыз. Педагогикалық жасақ Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті әлеуметтік кафедрасының қолдауымен құрылды. Қазір солармен қоян-қолтық жұмыс істеп келеміз. Түрлі дәрістер өткізіледі. Сабақтар бізде университеттегіден сәл өзгешелеу. Интерактивті форматта өтеді. 1 сағат дәріс оқылса, екінші сағатта сахнада талқылаймыз.

РКС: Тәлімгер педагог пен тәрбиешінің міндетін қатар ұштастыра білуі шарт. Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Ерлан Абдуллаев ұстаз ретінде балалармен жұмыс істеуге машықтану үшін өз білімін шыңдау мақсатында жасақтың құрамына кіруге шешім қабылдапты.

СНХ: ЕРЛАН АБДУЛЛАЕВ, ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен «Думан» педагогикалық отряд туралы өзімнің досым арқылы естідім. Ол осында 2 жыл болды. Мұнда осы жердегі адамдардың атмосферасын және педагогикалық білім алуға мүмкіндік бар екенін маған көрсетті. Мен өзімнің осы жердегі 9 ай оқуымды өткізгім келеді. Осы жерден тәлімгер атанып, балалармен жұмыс атқарғым келеді. Сол үшін осында келдім. Бүгінгі кеш маған ұнап жатыр. Тәлімгерлер өте күшті,қызықты атмосфера беруде. Маған ұнайды.01:17

РКС: 10 жыл ішінде тәжірибе жинақтап үлгерген педагогикалық жасағы шетелдік әріптестері тани бастады. Кәсіби біліктіліктің жоғары деңгейіне жетті. Айта кетейік, биыл олар Зерендідегі «Парус» лагерінің базасында халықаралық инструктивті лагерь ұйымдастырды. Онда олар тәжірибелерімен және жұмыс ырғағымен бөлісті. Қазір педагогикалық отрядтың Көкшетауда, Астана мен Щучинскіде филиалдары бар.

НҰРСӘЛЕ МҰРАТ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ