ДИКТОР: Мемлекеттік орган қызметкерлері кәсіпкерлер алдында есеп берді. Облыстық кәсіпкерлер палатасында бірыңғай есеп беру күні өтті. Облыстық сәулет құрылыс департаменті, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, облыстық мемлекеттік кірістерді бақылау басқармасы басшыларының сөзі тыңдалды. Бірақ жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару тақырыбы үлкен резонанс тудырды.

РКС: Облыстық жер ресурстары басқармасы басшысының мәліметінше биыл 200 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. 70 мың гектардан аса егістік жерлер, жайылымдар қайтарылды. Хабарлама алғаннан кейін 30-дан аса субъекті жерлерін өңдеуге кірісті.

СНХ: ЕРҒАЛИ ШОРИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Есептік кезеңінде департамент 281 мың гектар алаңында 154 тексеру жүргізді. 261 мың гектар алаңында 190 бұзушылық анықталды. 8,7 млн. сомасына 70 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 6 млн. теңге сомасына 59 айыппұл өндірілді.

РКС: Өсімдік шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер қауымы атынан сөз алған Николай Степаненконың айтуынша бастапқыда кәсіпкерлер пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару идеясын оң қабылдаған. Өйткені мұндай жерлер, егістік алқаптары қоқысқа толып кеткен. Бірақ оның кері әсері де байқалуда.

СНХ: НИКОЛАЙ СТЕПАНЕНКО, «АСКОП» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Менің білуімше, 200-ден аса агробизнес субъектілері мемлекеттік орган қызметкерлері әрекетінен проблемаларға тап болған. Яғни бұл жерлерді тартып алады. Бұл ретте жұмыс істеп, салығын төлеп тұрған кәсіпорындар бар. Жұмысшылар уақытылы жалақы алып тұр. Бұл мәселе бізді әрине алаңдатады.

РЗК: Кәсіпкердің айтуынша, тәркіленген жерлер біршама. Енді олардан не салық түспейді, өнім де алмайды, ал қызметкерлер жұмыссыз қалған. Әкімшілік, жауапты орган, прокуратура өкілдері кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, бұл мәселе бойынша тергеуді жалғастыруға уәде берді. Кәсіпкерлер палатасының өкілі тексерулерге мораторий аяқталды. Кәсіпкерлерге заңнама мен талаптарды мүлтіксіз орындауға кеңес берді.

СНХ: РАСУЛ СЫЗДЫҚОВ, АЙМАҚТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жіберілген олқылықтармен жұмыс істеп, соған сәйкес талдау жасауға болады. Жасыратыны жоқ, кей жерде кәсіпкерлер құқықтық сауатсыздықтың кесірінен біраз қателіктерге тап болған. Осы ережелер мен заңды талаптарды білу керек. Біз әрқашан бизнес кодексімен реттелетін осындай кездесулерді ұйымдастырамыз. Біз бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға тікелей сұрақ қоя алатын іс-шаралар өткіземіз.

РКС: Айта кетейік, бірыңғай есеп беру күні «Атамекен» палатасында 4-ші жыл өткізіліп келеді. Бизнестің тұтастығын қорғау мәселесіне баса назар аударылады. Өткен 9 айда кәсіпкерлерден 150-ден аса арыз түсіп, оның 60 проценті оң шешімін тапқан.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КОКШЕ АКПАРАТ.